Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында тамаша нәтиже көрсетуде

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, пара-спортшылар арасындағы 12-ші Азия чемпионаты өтуде.

Бəсекенің алғашқы күні із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдеге (4:03.129 секунд) қол жеткізді. Алтын жүлдені Жапония құрамасы еншілесе, күміс Қытай еліне бұйырды. Сондай-ақ тағы бір отандық құрама спринттен (Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев) 5-сатыға жайғасты.

Жарыстың екінші күні ерлер арасында элита санаты бойынша Рамис Дінмұхаметов ерекше көзге түсті. Ол топтық іріктеу жарысында команда қоржынын  қола медальмен толықтырды. Ал жасөспірімдер арасында Ердәулет Егізбай скретчтен алтын медаль жеңіп алса, қыздар арасында Диана Косолапова кейриннен үшінші орынға ие болды.

Үшінші сайыс күні әйелдер арасында Рината Сұлтанова көзге түсіп, жекелей жарыста қола жүлдегер атанды. Данияр Шаяхметов 1000 метрлік айналымда күміс алды. Элиталық санатта бақ сынаған Әлішер Жұмақан топтық ұпайлар бәйгесінде күміс алды. Кирилл Чжан жекелей жарыста командаға қола медаль әкелді.

Жасөспірімдердің еншісінде екі жеңіс бар: топтық жарыста Аружан Рахымжан, жекелей сайыста Мария Елкина Азия чемпионы атанды. Сары құрлық додасында 23 елдің үздіктері бақ сынауда. Азия біріншілігі 26 ақпанға дейін жалғасады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz