Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Отандық футболда қандай өзгерістер болады?

Биыл жаңа маусымда отандық футбол тарихындағы ең ірі жүлде қоры – 1 млн АҚШ доллары сарапқа салынады.

Бүгін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа брендінің таныстырылымы мен жаңа маусымының тұсаукесері өтті. Футбол саласындағы мамандар мен БАҚ өкілдеріне Лиганың жаңа атауы – QFL (Qazaqstan Football League), жаңартылған логотип және «Футболмен бірге» (футболмен бірге) ұраны таныстырылды. Ауқымды іс-шара елордамыздағы ҚР Президенттік орталығында ұйымдастырылды.

«Біздің лигамен бірлескен жұмысымыз футбол бизнес индустриясын құруға бағытталған. Онда футбол —  демеушілер мен инвесторлар үшін қызығарлық актив, халық үшін әлеуметтік маңызы бар өнім және халықаралық деңгейде мемлекет үшін мақтаныш болуы керек. Бүгінгі таңда лига өзінің алдында тұрған міндеттерді орындауға және стратегияның барлық тармақтарын жүзеге асыруға қауқарлы. Бұл шынайы және қол жеткізуге болатын мақсаттар», — деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов.
Бренд пен логотиптен басқа Республикамызда футболды дамытуға бағытталған бірқатар жобалар ұсынылды. Жобалар небәрі 9 айда әзірленген. Олардың кейбіреулері елімізде бұрын-соңды болмаған. Мысалы, Лига кубогы және Әйелдер лигасы сынды жаңа турнирлердің  жүзеге асатындығы жарнамаланды. Бірінші турнирге 16 отандық клуб қатысады, олар тек беделді кубок үшін ғана емес, сонымен қатар отандық футбол тарихындағы ең ірі жүлде қорын да сарапқа салады. Бұл 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ, Әйелдер лигасының ашылуына ерекше назар аударылды. Онда еліміздің 5 өңірінен 6 клуб өздерінің қатысатындығын растады.
«Футболмен бірге — бұл біздің ұранымыз, өйткені лига футболды дамытуға бағытталған барлық міндеттерді жүзеге асыруда мемлекетпен, демеушілермен және жанкүйерлердің адал армиясымен тығыз байланысы қажет. Мен Қазақстанда туып-өстім, бұл менің отаным және клубтардың маған және командама біздің лиганы дамыту жөніндегі осындай маңызды миссияны сеніп тапсырғаны мен үшін үлкен құрмет. Біз үшін отандық футбол, бір жағынан, заманауи, серпінді дамып, ең үздік еуропалық лигаларының футбол индустриясында ойлап табылған барлық жақсы дүниелерін сіңіріп, сонымен қатар өзіндік бірегейлігін сақтап қалуы өте маңызды. Үш жыл ішінде біз бірқатар жобаларды жүзеге асырып, лигамызды халықаралық деңгейге өсіруіміз қажет», — деді Qazaqstan Football League президенті Рафаэль Гарибян.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап, Qazaqstan Football League брендімен Премьер-Лиганың жаңа маусымы басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz