Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Бублик Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Турнирдің жалпы жүлде қоры 3 млн 113 мың 270 долларды құрайды. Жеңімпаз қомақты сыйақыдан бөлек, 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP-500 сериялы Dubai Duty Free Tennis Championships in Dubai (БАӘ) турнирінің екінші айналымында өнер көрсетті.

Бубликтің қарсыласы голландиялық теннисші Таллон Грикспор болды. Қазақстандық 7:6(8), 7:6(2) есебімен екі сетте жеңіске жетті. Матч бір сағат 48 минутқа созылды.

ATP-500 сериялы турнирінде ¼ финалдағы Александр Бубликтің қарсыласы анықталды. Екінші айналымдағы кездесуде чех теннисшісі Иржи Легечка ресейлік Карен Хачановпен кездесті. Бірінші сетте Хачанов мықтырақ болды – 7:6 (6). Екінші сет чехиялық есепті теңестірді – 7:6 (5). Ақтық сетте өз елінің үшінші ракеткасы саналатын ресейлік 2:0 және 4:2 есебімен алға шыққанымен, нәтжесінде Легечка жеңісті жұлып әкетті 6:4.

1/4 финалда Бублик пен Легечка арасындағы кездесу 29 ақпанға жоспарланған.

Өкінішке қарай, Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко Дубайдағы турнирде екінші айналымда Ресейдің бірінші ракеткасы Даниил Медведевтен ұтылып қалды. Дубайда 26 ​​ақпан-2 наурыз аралығында өтіп жатқан теннистен ATP 500 турниріне Даниил Медведев бір айға жуық үзілістен кейін қайта оралды. Ол былтыр осы жарыста Новак Джоковичті, одан кейін финалда Андрей Рублевті тізе бүктіріп, чемпион атанған болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz