Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Рыбакина Индиан-Уэллсте чемпиондық атағын қорғай ала ма?

Индиан-Уэллсте өтетін турнирдің жалпы жүлде қоры 8 млн 995 мың 555 долларды құрайды.

Ертең, 6 наурызда Индиан-Уэллс қаласында (Калифорния, АҚШ) теннистен ірі турнир — ерлер арасында ATP 1000 және әйелдер арасында WTA 1000 жарыстары өтеді. Маусымның көктемгі алғашқы турнирінде қазақстандық теннисшілерді қоса есептегенде барлығы 96 теннисші өнер көрсетеді.

Турнирде Қазақстанның төрт өкілі жекелей сында кортқа шығады. Әйелдер арасында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, сондай-ақ ерлер арасында Александр Бублик пен Александр Шевченко сынға түседі.

Путинцева жарыс жолын бірінші кезеңнен бастайды. Ал Рыбакина турнирдің төртінші ракеткасы болып тіркелгендіктен, бірден екінші раундтан бастайды. Жеребе нәтижесі бойынша Юлия екінші айналымға шығу үшін неміс қызы Тамара Корпачпен күш сынасатыны белгілі болды. 29 жастағы Путинцева мен 28 жастағы Корпач мансаптарында  алғаш рет кездеседі.

24 жастағы Рыбакинаға келер болсақ, еліміздің үздік теннисшісі екінші айналымда испаниялық Паула Бадоса мен америкалық Эшлин Крюгер арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі. Бір қызығы, 26 жастағы Бадосамен жеке кездесулердің есебі бадосаның пайдасына 3:4 болса, қазақстандық спортшының 19 жастағы Крюгермен бұрын-соңды жолдары тоғысқан емес. Путинцева мен Корпач 6 наурыздан 7 наурызға қараған түні ойнайды. Бадоса мен Крюгер арасындағы матч та шамамен сол уақытқа жоспарланған.

Путинцеваға ұпай қорғаудың қажеті жоқ. Өйткені ол өткен жылы бірінші айналымда жеңіліп қалды. Сондықтан биыл жақсы нәтижелермен ол әлемдік классификациядағы орнын жақсарта алады. Рыбакинаға қиынырақ болады. Себебі ол өткен жылғы титулды қорғауы керек. Дегенмен, Еленаның үздік төрттіктегі орнын жоғалтуы екіталай.

Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартуға келер болсақ, бұған қол жеткізу қиын. Титулды қорғайтын қазақстандық теннисші қосымша ұпай алмай,  тек бұрынғы көрсеткішін сақтайды. Гипотетикалық тұрғыдан үздік үштікке көтерілуі мүмкін. Ол үшін ол титулды жеңіп алуы керек және Коко Гауфф (әлемнің 3-ракеткасы) осы турнирде үшінші айналымнан әрі аспауы қажет.

Былтыр мұнда Шевченко мен Бублик нашар өнер көрсетті. Біріншісі іріктеудің басында, ал екіншісі негізгі жеребенің бірінші кезеңінде жеңілді. Сондықтан екеуінің де былтырғы көрсеткішті жақсартуға тамаша мүмкіндігі бар. Бублик үшінші кезеңге жетсе, бұл рейтингтегі позициясын жақсартып, 18-орынға көтеріле алады.

Естеріңізге сала кетейік, жарыстың қазіргі чемпиондары қазақстандық Рыбакина мен испаниялық Карлос Алькарас. Турнир бір жарым аптаға созылып, 17 наурызда аяқталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz