Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Астана» жаңа маусымда көш бастады

Талдықорғандық «Жетісу» мен «Астана» арасында ҚПЛ-2024 екінші турының матчы өтті.

Алматыда өткен кездесуде «Жетісу» алаң иелері ретінде өнер көрсетті. Матч 2:0 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталды. Басты оқиғалар матч соңында өрбіді. 75-минутта «Жетісу» Антон Шрамченконың голының арқасында алға шықты. Алайда беларусьтік жартылай қорғаушының голы VAR тексерісінен кейін талдықорғандық капитан Серікжан Мужиковтың гол соғатын эпизодтың алдындағы шабуылда қолмен ойнағанына байланысты есепке алынбады. Нәтижесінде «Астана» өз мақсатына жетті. 86-минутта Ян Вороговский есеп ашса, соңғы нәтижені (90+1) пенальтиден гол соққан Эьлхан Астанов белгіледі.

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Жетісумен» өткен матчтың қорытындысы туралы айтты.

«Көктемгі футбол сияқты ауыр матч болды. Өкініштісі, алаңның сапасы сын көтермейді. Бұл жағдайда допты игеруді барынша қиынға түседі. Айналдыруға көп уақыт жұмсауға тура келді, оны қарсылас команда пайдалана білді. Мұндай алаңда өз үстемдігіңді жүргізуден гөрі қорғаныста ойнау оңайырақ. Допты ұстауда бізден де, қарсылас жағынан да көп қателік кетті. Бірінші таймда бізде гол соғатындай және соғуға міндетті 2-3 мүмкіндік болды. Бастысы, бұл ойында жеңіске жеттік, ал матч барысында ешкім жарақат алмады. Алда ұзақ үзіліс бар.

Ұлттық құрамамызға сәттілік тілеймін. Дәл қазір киім ауыстыратын бөлмеде мен ұлттық құрамада ойнайтын командадағы жігіттерге, ел футболы тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатына бару өз қолдарында екенін, барын салу керектігін айттым», — деді Бабаян.

Айта кетейік, «Астана» екінші матчта жеңіске жетіп, алты ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының кестесінде көш бастады. Үшінші турда елордалық клуб 31 наурызда «Елімайды» қабылдаса, «Жетісу» 30-наурызда сыртта «Атыраумен» ойнайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz