Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева мен Александр Шевченко Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің екінші айналымына шықты.
BNP Paribas Open жарысының алғашқы кезеңінде WTA рейтингінде 79-шы орында тұрған Путинцева екі сетте 6:2, 6:3 есебімен әлемдік рейтингте 76-шы сатыда тұрған Германиядан келген Тамара Корпачты ұтты. Матч бір сағат 15 минутқа созылды. BNP Paribas Open екінші айналымында Путинцева ресейлік теннисші Екатерина Александровамен кездеседі.
Ал ерлер арасында әлемнің 51-ракеткасы Александр Шевченко Индиан-Уэллс мастерс жарысының алғашқы айналымында рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған германиялық Доминик Кепфермен сынға түсті. Бірінші партияда Шевченко 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде есе жіберді – 1:6. Дегенмен шешуші, үшінші сетте тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6 (7:3). Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен кездеседі.
Индиан-Уэллстегі турнир 6-17 наурыз аралығында өтуде. Қазіргі жеңімпаз – былтырғы финалда беларусь Арина Соболенконы ұтқан қазақстандық Елена Рыбакина.