Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турниріне қатысудан бас тартты

WTA баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 жастағы спортшы асқазан-ішек ауруына байланысты турнирге қатыса алмайтынын мәлімдеген. Өткен айда Рыбакина осындай себеппен ширек финалдық матч алдында Дубайдағы (БАӘ) турнирден де бас тартқан болатын.

Рыбакина жарыс жолын екінші айналымнан, әлемнің 84-ші ракеткасы аргентиналық Надия Подорошкаға қарсы кездесуден бастауы керек еді. Енді оның орнын рейтингте 88-орында тұрған америкалық Кайла Дэй басады.

Чемпиондық атағын қорғамағаны үшін Рыбакина WTA рейтингінде 1000 ұпай жоғалтады. Бірақ, соған қарамастан әлемнің 4-ші ракеткасы болып қалуы әбден мүмкін.

«Денсаулығыма байланысты биыл Индиан-Уэллс турниріне қатыса алмайтынымды хабарлауым керек. Жақындарым бұл турнирдің мен үшін қаншалықты маңызды екенін және қайтып оралып, титулымды қорғағым келгенін біледі. Мені қолдауға келген барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін және олардың биылғы жылы менің ойынымды көру мүмкіндігі болмайтыны өкінішті. Енді демаламын және кортқа шығып, қайта ойнау үшін бабыма келуім керек», — деді Рыбакина.

Өкінішке қарай тағы бір қазақстандық теннисші жарыс жолынан шығып қалды. Александр Шевченко аргентиналық Франсиско Серундологоға қарсы ойынды жалғастыра алмады. Қазақстандық спортшы есеп 2:6, 1:3 болғанда денсаулығына байланысты ойынды аяқтады.

Ал Юлия Путинцева Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 16-ракеткасы Екатерина Александровамен кездесті.  Юлия Путинцева азулы қарсыласын 7:5, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Юлия Путинцева төртінші айналымға өту үшін әлемнің 20-ракеткасы, америкалықтар Мэдисон Киз немесе рейтингіде 105-орындағы Хейли Баптистің қай жеңгенімен кездеседі.

Александр Бублик Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына өтті. Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингіде 139-орында тұрған қытайлық Цзюнчэн Шанмен сынға түсті. Тартысты өрбіген бірінші партияны Бублик брейкпен тәмамдады – 6:4. Қазақстандық спортшы екінші сетте қарқынын үдетіп, есепті 4:0-ге жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен аяқтау қиынға түскен жоқ – 6:1.Бубликтің үшінші айналымдағы қарсыласы әлемнің 10-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минор.

Турнир 17 наурызда аяқталады. Ерлер арасындағы жарыстың жүлде қоры 8,9 миллион долларды құрайды. Турнирдің қазіргі жеңімпазы — былтыр шешуші кездесуде ресейлік Даниил Медведевті ұтқан испаниялық Карлос Алькарас.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz