Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстан жастар құрамасы Шотландия мен Мажарстанға қарсы матч өткізеді

Наурыз айында Қазақстан U-21 құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді.

Алдымен Қазақстан U21 құрамасы 21 наурызда сырт алаңда Шотландиямен кездеседі. Артынша өз алаңымызда Мажарстанды қабылдаймыз. Ойын 26 наурызда 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтеді. Осы орайда Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Константин Горовенко ЕУРО-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Шотландия мен Мажарстанға қарсы матчтар қарсаңындағы ОЖЖ-ға шақырту алған футболшылар тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиыны 10 наурыз күні Алматыдағы «Қайрат» футбол клубы Академиясының базасында басталады. Жиын барысында екі бақылау матчы жоспарланған.

Қазақстан жастар құрамасы:  

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Жеңіс»), Никита Пивкин («Қайрат»), Данила Карпиков («Шахтер»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Атырау»), Дамир Қасабұлат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Сұлтан Асқаров, Егор Ткаченко, Лев Кургин (бәрі – «Қайрат»), Даниил Нырков («Ертіс»), Асқар Сатышев («Қайсар»);

Жартылай қорғаушылар: Нұрғайни Бөрібаев, Бейбіт Ғалым (екеуі де – «Тобыл»), Мейрамбек Қалмырза («Жетісу»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей), Муроджон Халматов («Каспий»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдулла (екеуі де – «Шахтер»), Нұрали Жақсылық («Астана»);

Шабуылшылар: Данил Анкудинов («Днепр-Могилев», Беларусь), Иван Свиридов («Елімай»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь);

Қосалқы құрам: Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Ален Айманов («Елімай»), Дархан Бердібек («Каспий»), Ғалымжан Кенжебек («Жеңіс»), Сэйф Попов, Ян Труфанов (екеуі де – «Қайрат»);

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz