Қазақстандық қақпашы Дулат Талыспаев футболдан Дания чемпионатында дебюттік ойынын өткізді.
«Кеге» клубында өнер көрсететін 18 жастағы қақпашы Дания чемпионатының бірінші дивизионының 21-туры аясында «Хиллеред» командасына қарсы ойынға қатысты. Талыспаев екінші таймда қосалқы құрамнан алаңға шығып, 45 минут ойнап, екі гол жіберіп алды. «Кеге» қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Талыспаев Дания чемпионатында өнер көрсеткен тарихтағы тұңғыш қазақстандық. Талыспаевтың командасы Дания чемпионатының екінші рейтингтік дивизионында 10-орынға табан тіреді. Келесі турда 16 наурызда «Кеге» «Фредерисиямен» ойнайды.
«Атырау» түлегінің дат клубына ауысуы «Хеге» мен батысқазақстандық клубтың ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды. Талыспаевтың Қазақстан чемпионатында және бірінші лигада ойын тәжірибесі жоқ. Ол тек Қазақстан жастар құрамасы сапында бір кездесу өткізді.