Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Дмитрий Попко Бразилияда өткен ITF турнирінің чемпионы атанды

Дмитрий бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Сонымен қатар Попко жекелей сында да өнер көрсетіп, аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды — 6:4. Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды — 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді — 3:6.  Осылайша Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды.

Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда өнер көрсетуін одан әрі жалғастыруда. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды. Ол үшінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизді тізе бүктірді. Путинцева екі сетте де жеңісті қолдан бермеді – 6:4, 6:1. Енді Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.

Өкінішке қарай жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 20-шы орында тұрған Александр Бублик Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің 1/8 финалына өте алмады.

Бублик 1/16 финалда әлемнің оныншы ракеткасы аустралиялық Алекс Де Минаурдан жеңіліп қалды. Бірінші сетте отандасымыз тартысты жекпе-жекте 5:7 есебімен жеңіліп, тіпті екінші сетте қарсыласына толықтай басымдықты берді — 0:6. Осылайша Индиан-Уэллсте Қазақстанның тек бір өкілі ғана қалды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz