Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Жеті қазақстандық боксшы Олимпиада лицензиясы үшін сынға түседі

Бүгін боксшыларымыз үшін маңызды күн. Жеті қазақстандық былғары қолғап шебері Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін шаршы алаңға шығады.

10-наурыз күні лицензиялық турнирде 71 келіде әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов 1/8 финалда Байрамдурды Нұрмұхаммедовті (Түркіменстан) 3:2 есебімен жеңді.

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 57 келідегі кезекті жекпе-жегінде Жосуе Тирадоны (Пуэрто-Рико) 5:0 есебімен жеңді. Ал 80 келіде тағы бір әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алферовты 3:2 есебімен жеңді. Алғашқы раундта Нұрбек 2:3 есебімен жол бергенімен, екінші раундта дәл соққыларының арқасында тараз басын өзіне бұрды. Ал шешуші раундта жерлесіміз қарымта шабуылдарға иек артып, жеңісті есеп сақтап қалды.

51 келіде әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/8 финалда Бахрейн намысын қорғайтын отандасымыз Азат Махметовті 4:1 есебімен ұтты.

Алуа Балқыбекова 1\8-финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Джухюнг Чонмен кездесіп, қарсыласына әбжыландай атылып, әр соққысын дәл дарыту арқылы жеңіске жетті. Қорытынды есеп 4:1.

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирдің бүгін тоғызыншы күні. Ширек финалда Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады.

Күндізгі сессияда Қазақстан атынан рингке шығатын боксшылар:

17:30 — 92 кг. Айбек Оралбай — Джамар Туллы (АҚШ);

19:30 — 75 кг. Валентина Хальзова — Синди Нгамба (Ұлыбритания).

Кешкі сессия:

23:00 — 50 кг. Алуа Балқыбекова – Карина Макси Клетцер (Германия);

00:00 — 51 кг. Сәкен Бибосынов – Сиаран Макдональд (Ұлыбритания);

00:30 — 57 кг. Махмуд Сабырхан — Асрор Вохидов (Тәжікстан);

00:45 — 71 кг. Асланбек Шымбергенов – Сархан Әлиев (Әзербайжан);

01:30 — 80 кг. Нұрбек Оралбай — Келин Кэссиди (Ирландия).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz