Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Ермек Маржықпаев: «Таиландтағы турнирге іріктеу қатаң түрде өтеді»

Бокстан Италияда өткен лицензиялық турнирде қыздар құрамасы ойдағыдай нәтиже көрсете алмады. Осы орайда ҚР Туризм және спорт министрі әйелдер боксындағы олқылықтың орнын толтырып, Таиландтағы іріктеу турнирінде бұрымды боксшыларымызға ең кемі 3-4 лицензия иелену міндетін қойды.

«Бокстан Италияда өткен лицензиялық турнирде ерлер құрамасы 5 лицензия иеленіп, жоспарды минималды түрде орындады. Бізде 7 олимпиадалық салмақ бойынша қоржынымызда 6 жолдама бар. Енді бапкерлік штабының алдында министрлік пен бокс федерациясымен бірге қалған лицензияны Таиландта өтетін турнирде алуға барын салады. Мен ерлер құрамасы барлық салмақта Олимпиадада өнер көрсететіне сенімдімін.

Жолдама алу — шаруаның жартысы ғана. Әрине, бұл еңбек. Алайда басты жарыс 4 айдан кейін басталады. Олимпиада — 205 елден ең мықты спортшылар сынға түсетін дода. Оңай болмайды. Ендігі басты мақсат — отандық атлеттердің Олимпиада кезінде спорттық қалыптарының жоғарғы деңгейінде болуы. Олар жазға дейін көптеген халықаралық турнирлерге қатысып, шеберліктерін шыңдайды. Бұнымен жұмыс жасау керек», — деді Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ министр әйелдер боксында қосалқы құрамның аздығын да тілге тиек етті. Бокс федерациясының ақпаратына сәйкес Қазақстан әйелдер құрамасы сапында 36 боксшы бар.

«Ал Италиядағы дода өкінішке қарай, әйелдер құрамасындағы барлық мәселені көрсетіп берді. Біздің қыздарға функционалдық және физикалық дайындық жетіспейді. Тағы бір мәселе — қосалқы құрамның аздығы. Лайықты ізбасарлар жоқ. Бұл біздің де олқылығымыз. Сондықтан үлкен сараптама жүргізіп, қателіктермен жұмыс істелуі қажет.

Таиландтағы турнирге іріктеу қатаң түрде өтеді. Міндет — әйелдерде 3-4 лицензияға қол жеткізу. Сондықтан жағдайды дұрыс бағамдап, эмоцияға берілмеуіміз қажет. Таиландтағы және ең бастысы Париждегі жарыстың дайындығына толық кірісуіміз керек.  Бокс — еліміздегі бірінші нөмірлі спорт түрі. Біз боксшыларымызға сенім артып, Олимпиаданың жүлдесінен үміттенеміз», — деп қоса кетті ҚР Туризм және спорт министрі.

Айта кетейік, қазіргі таңда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Лицензиялық турнирге қатысқан боксшылар қалпына келтіру және сауықтыру мақсатында өтетін бұл жиыннан соң бірқатары Әзірбайжан астанасы Бакуге, тағы бір бөлігі Литва астанасы Каунасқа аттанады. Онда былғары қолғап шеберлері халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Сонымен қатар 12 боксшымыз  Белградта бокстан Бранко Пешич дәстүрлі мемориалында сынға түсуде. Турнир 17-наурыз күні мәресіне жетеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz