Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Номад» пен «Арлан» жеңісті қолдан бермеді

Астана мен Көкшетауда хоккейден Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық сериясының матчтары өтті.

Елордалықтар кездесудің алғашқы минуттарын-ақ басымдықты қолға алып, алға шықты. Мәди Диханбек көк сызықтан қақпаға нәтижелі соққы бағыттап,  есеп ашты. Араға төрт минут салып қонақтар қақпасына екінші шайба соғылды. Гол авторы Никита Колобов.

Екінші кезеңде Владислав Арбузовтың гол соғуға тамаша мүмкіндігі болды. Бірақ ақтөбелік қорғаушының соққысынан кейін шайба бағанаға тиді. Бірақ «көшпенділер» соңғы кезең аяқталар тұста өз мүмкіндіктерін толық пайдаланды. Николай Шульга шабуылға шығып, еспті 3:0-ге жеткізді. Дегенмен, ойын аяқталуға 5 секунд қалғанда күтпеген жерден «Ақтөбе» хоккейшісі Никита Потапов Бояркин қорғайтын қақпаны дәл көздеп, командасын «құрғақ» жеңілістен сақтап қалды. Қорытынды есеп 3:1.

 «Номад» — «Ақтөбе» 3:1 (2:0, 0:0, 1:1)

1:0 — 01:21 — Диханбек (Шульга, Колесников)

2:0 — 05:24 — Колобов

3:0 — 57:16 — Шульга (Королёв, Шайхмедденов)

3:1 — 59:55 — Потапов (Митряков, Исмагилов)

ҚақпашыларБояркин — Каратаев

Сериядағы есеп: «Номад» — «Ақтөбе»: 1-0 (3:1)

Бүгін, 16 наурыз «Барыс-Аренада» Астана уақыты бойынша 17:00-де «Номад» — «Ақтөбе» арасында сериядағы екінші жартылайфиналдық матч өтеді.

Ал Көкшетаудағы кездесу қонақтар арасында қатарынан екі хоккейшінің ойыннан шеттетілуімен басталды. «Арландар» мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, алдымен «5-те 4», одан кейін «5-те 3» форматында ойнап, алға шықты. Көкшетаулықтар сапынан Эдгарс Сиксна мен Андрей Павленко мергендіктерімен көзге түсті.

Қарағандылықтар сериядағы алғашқы голын алтыншы кезеңнің басында ғана соқты. Сергей Кудрявцев қорғайтын қақпаға Александр Коннов жойқын соққы бағыттады. Дегенмен, айдын иелері сериядағы екінші жеңісін уыстан шығара қоймады. Қатарынан тағы 4 гол соғып, ірі есеппен жеңіске жетті.

 «Арлан» — «Сарыарқа» 6:2 (2:0, 0:0, 4:2)

1:0 — 03:06 — Сиксна (Никулин)

2:0 — 05:52 — Павленко (Гренц, Оксентюк)

2:1 — 40:54 — Коннов (Баженов)

3:1 — 41:03 — Буяльский (Павленко, Шевченко)

4:1 — 46:59 — Лихотников

5:1 — 52:04 — Степаненко (Гренц, Хорошев)

5:2 — 54:27 — Злобин (Симонов, Сайко)

6:2 — 54:38 — Дюкарев (Железнов, Оксентюк)

ҚақпашыларКудрявцев — Кадочников (Коваль, 52:04-60:00)

Сериядағы есеп: «Арлан» — «Сарыарқа»: 2-0 (2:0, 6:2)

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz