«Арлан» Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кездесуінде «Сарыарқаны» ұтты.
Кездесу «арландардың» голымен басталды. Александр Шевченко мен Владислав Дюкарев азшылықта қарсы шабуыл ұйымдастырса, соңғысы Данил Кадочниковтың осал тұсын тауып, есеп ашты. Жалпы, қарсыластарына үш рет шабуыл ұйымдастырған «Сарыарқа» алғашқы кезеңде басымдықты қолдан бермеді. Бірақ қонақтар үзіліске көшбасшы ретінде кетті.
Екінші жиырма минуттың басында командалар Егор Буялский мен Тимур Шингареевтің голдарымен алмасты. Матч соңында алаң иелері соңғы шабуылды ұйымдастыруға тырысып, қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстырды. Алайда, Владислав Никулин мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Қарағандылықтардың бос қақпасына дәл соққы бағыттаған Никулин ойындағы қорытынды есепті белгіледі.
«Сарыарқа» — «Арлан» 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)
0:1 — 02:36 — Дюкарев (Шевченко)
0:2 — 21:38 — Буяльский (Степаненко, Павленко)
1:2 — 22:16 — Шингареев (Стулов, Лызин)
1:3 — 58:25 — Никулин ПВ
Қақпашылар: Кадочников — Кудрявцев
Сериядағы есеп: «Арлан» — «Сарыарқа»: 3-0 (2:0, 6:2, 3:1)
Айта кетейік, жартылай финалдың матчтарында «Арлан» үш мәрте «Сарыарқаны» ұтты. Бұл үлкен жетістіктің басты себепкері Сергей Кудрявцев. Мұз алаңында 120 минут өткізген голкипер, бірінші кездесуде 25 соққы қайтарды. Жалпы, екі матчта Кудрявцев 96,36% шайба қайтару пайыздық құрамды көрсетіп, сенімділік коэффициенті 1-ге дейін ойнап шықты. Нәтижесінде Кудрявцев Pro Hokei Ligasy чемпионаттының 28-ші аптасының үздік ойыншысы атанды.