Жеребе қорытындысына сәйкес 14 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан қыздар құрамасы В тобында өнер көрсетуде. Бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Кучингте (Малайзия) World Junior Tennis Competition 14& under Азия -Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің матчтары жалғасуда. Іріктеу турнирінде Қазақстан намысын Найля Баймахан, Екатерина Кирюшенко және Медина Өтепберген қорғап жатыр. Команда капитаны — Марат Шәріпов.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы Индонезияға 1:2 есебімен жол берді. Медина Өтепберген Путри Хансадан 5:7, 1:6 есебімен ұтылса, Найля Баймахан Курниаван Эмелиден басым түсті — 2:6, 6:2, 6:2. Шешуші, жұптық сында Баймахан — Кирюшенко/Путри — Эмелиден айласын асыра алмады — 2:6, 6:7 (2:7).
Ал бүгін, 19 наурызда Марат Шәріповтың шәкірттері жарыс қожайындарынан айласын асырып, маңызды жеңіске жетті.
Нәтижелер:
Екатерина Кирюшенко – Мак Зое 6:7 (3:7), 2:6;
Наиля Баймахан – Хазли Дания 6:3, 6:1;
Медина Өтепберген / Екатерина Кирюшенко — Зое / Дания 4:6, 7:5, 10:7
Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 16 команда қатысуда. Олар төрт топқа бөлінген. Әр топтан екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Қазақстан құрамасы ширек финалға шығу үшін ертең, 20 наурызда топтық кезеңнің соңғы ойынында Ираннан келген қарсыластарын жеңуі керек.