Бельгия тас жолдарында «Классика Брюгге-Де Панне» көпкүндік велододасы өтті. Брюгге қаласынан басталған сайыс 198,9 шақырымнан кейін Де Паннеде мәресіне жетті. Жарыста бірінші және екінші орындарды Alpecin-Deceuninck командасынан бельгиялық шабандоздар Йеспер Филипсен мен Soudal Quick-Step командасынан Тим Мерлиер иеленді. Үшінші орын BORA-hansgrohe командасынан голландиялық Дэнни Ван Поппелге бұйырды.
Елордалық велокоманда шабандоздары Макс Кантер 11-ші, Рюдигер Зелиг — 48, Евгений Федоров — 52, Евгений Гидич — 73, Микеле Гадзоли — 121, Глеб Сырица — 143-ші болып мәреге жетті.
Брюгге — Де Панне. 198,9 шақырым
- Йеспер Филипсен (Бельгия, «Альпецин-Децеунинк») — 4:22:42
- Тим Мерлиер (Бельгия, «Soudal Quick-Step»)
- Дэнни Ван Поппел (Нидерланды, BORA-hansgrohe)
Ал «Астананың» қалған шабандоздары «Каталония Вуэльтасында» өнер көрсетуде. Ұзақтығы 176,7 шақырымды құрайтын көпкүндіктің үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңісті «UAE Team Emirates» командасынан словениялық Тадей Погачар жеңіп алды. Екінші орынды Soudal Quick-Step командасынан испаниялық Микель Ланда иеленді. «Bahrain-Victorious» командасының шабандозы, италиялық Антонио Тибери мәре сызығын үшінші болып кесті.
Астаналықтар үшін ең жақсы нәтижені кезеңді 14-орынмен аяқтаған Лоренцо Фортунато көрсетті. Сантьяго Умба – 65, Вадим Пронский – 83, Харольд Техада – 85, Хенок Мулубырхан – 86, Мартин Лопес – 132, Иде Схеллинг – 150-ші болып мәреге жетті.