Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев футболшыларымыздың Грекиядан ірі жеңілісінің (0:5) себептерін түсіндірді. Сонымен қатар оған қарсы айтылған сынға дайын екенін айтты.
– Магомед Мұсаұлы, біздің команда үшін таңғаларлық бастама – бұл өз қателіктеріміз ме, әлде қарсыластың қысымы ма?
— Біз матчтың басталуына дайын емес едік. Бұл мәселе талқыланып, алғашқы минуттарда қысым болатынын білдік. Біз бұл туралы көп айттық. Бірақ нәтиже болмады. 15-минутта есеп 0:2 болды, қарсылас айтарлықтай қысым жасады. Жалпы алғанда бірінші таймда біз ойынға қайта орала алмадық. Ол немен байланысты? Қарсыластар өткір шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ мен психологиялық тұрғыдан ішкі қысымымыз бен қарсыластарымыздың қысымына төтеп бере алмадық деп ойлаймын.
— Ойынның жоспары қандай болды және неге дәл осы құраммен алаңға шықтыңыздар?
— Тактикалық тұрғыдан аралас жоспарды қаладық. Чесноков пен Астанов қарсыластың шабуылы мен қолдау аймағын кеңейтуге мәжбүр болды. Бұл жерде Зайнутдинов орталық аймақта қысым көрсетуі үшін оған жағдай жасауға тура келді. Менің ойымша, Самородов пен Астанов, Чесноков бір-біріне сай, олар қарсы шабуылдаушы ойыншылар. Бізге олардың жылдамдығы мен динамикасы керек еді. Өйткені қарсыластың допқа көбірек иелік ететінін түсіндік. Тым көп қателіктер жібердік. Мұндай қателермен жақсы нәтиже күту мүмкін емес. Біз расымен де өзімізді мұнда жайсыз сезіндік.
– Садыбеков екінші таймда осындай маңызды ойында алаңға шықты. Бұл сенім оның алдағы уақытта көбірек ойнайтынын білдіре ме?
— Тек соңғы сәтте Адик қосалқы құрамда қалады деп шештім. Соңғы уақытқа дейін мен оны басты ойыншылардың бірі деп санадым. Ол бұл циклдарды өте жақсы ойнады және бақылау ойынында өзін жақсы көрсетті. Жалпы алғанда, бірінші минуттардан алаңға шығуға лайық болды. Алайда бұл матчтың маңыздылығын ескере отырып, мен жай ғана тәжірибелі ойыншыны таңдадым. Бірақ барлық көрсеткіштер бойынша Садыбеков алғашқы минуттардан-ақ алаңға шығуға дайын болды.
– Ұлттық құраманы жасартып, содан кейін кету керек дедіңіз. Сіз бұл жаңару үдерісін жалғастыруға дайынсыз ба, әлде уақыт келді ме?
– Ұлттық құраманы жасарту керек. Ірі турнирлерге барғымыз келсе, жылдамдық пен динамика қажет. Бізге ұжымдық қарым-қатынас жетіспейтіні анық болды.
Мен киім ауыстыратын бөлмеде бұл цикл жабылды деп айттым. Жігіттер ұзақ жолдан өтті. Еуропа чемпионатына дейін ешқайда бармайтынымды айттым. Уәдемді толығымен орындадым деп есептеймін. Осыдан кейін мен дайынмын ба, федерация келесі циклге дайын ба, бұл туралы ойлануым керек. Енді Әділет Назарбайұлы Бәрменқұловпен сөйлеспейінше, шешім қабылдамаймын. Өйткені ол мені қызметке тағайындағанда тым көп жұмыс жасады, барлық сын пікірлерді қабылдады.
Әрине, бұл қиын тақырып. Менің өз көзқарасым бар. 26-наурызда абыроймен өнер көрсетуіміз керек. Ойын ештеңе бермейді. Алайда қолда бар мүмкіндіктің бәрін пайдалануға тырысамыз.
— Сізді енді барлығы үшін сынға алатын шығарсыз — чемпионат күнтізбесіндегі өзгерістер, кейбір ойыншылардың тәжірибесінің аздығы және т.б. Сіз бұған дайынсыз ба?
– Жанкүйерлер бізге үлкен жігер беріп, қолдау көрсетті. Көп рахмет, Қазақстан мен үшін көп нәрсе жасады. Сынды еш қиындықсыз абыроймен қабылдаймын. Жеңілісті толығымен өз мойныма аламын. Мен үшін бұл өте ауыр. Кез келген басқа жағдайда, отставкаға кету туралы өтініш берер едім. Мені тежейтін жалғыз нәрсе – ол федерация президенті. Онымен сөйлеспей, шешім қабылдай алмаймын.
— Тағыберген неге алаңға шықпады?
«Бірінші аптада ол жаттықпады. Оның жарақаты бар еді. Түркменстанмен өткен матчта он минутқа алаңға шықты. Бірақ жағдайы дұрыс болмады. Біз Асхатты осы ойында алаңға 20-30 минутқа шығады деп дайындадық. Алайда біз алдын-ала жоспарлағанымызбен, ойын басқаша өрбіді. Қиынға соққан бірінші таймнан кейін ойыншыларды алмастыру қажеттілігі туындады. Алаңға Зуевты шығардық. Себебі оның позициясы алдыңғы шепте, ал Асхат төменгі позицияда ойнайды.
Айта кетейік, Грекия құрамасы Грузия құрамасымен бірге Еуро-2024 додасының плей-офф кезеңінің финалына шықты. Кездесу 26 наурызда Тбилисиде өтеді. Бұл күні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грузиядан жеңіліп қалған Люксембургпен сырт алаңда кездеседі. Бүгін ұлттық құрама Люксембургке келіп жетті.