Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Қыздар құрамасы Олимпиадаға жолдама иеленуге екінші мүмкіндік алды

Олимпиадалық іріктеу турниріне қатысу үшін бұрымды боксшыларымыз Астанада өтетін турнирде жақсы нәтиже көрсетулері қажет. Турнирге кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген Ангелина Лукас пен Балауса Муздиман да қатысатын болды.

Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер алқасы сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақыртылған боксшылардың құрамын бекітті. Бұл туралы ҚФБ мәлімдеді.
Спаррингтік кездесулердің қорытындысы бойынша, бапкерлер алқасы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін Әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды. Сәйкесінше, маңызды додаға іріктеу спаррингтері болғандықтан боксшылар өз салмақ дәрежелеріне сай болуы керек. Әйтсе де, салмақ бойынша сәл ауытқушылыққа рұқсат етіледі.

Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг ұйымдастырылмайтын болды. Өйткені, Италиядағы іріктеу турнирі кезінде жарақат алып қалған Римма Волосенконың қолы әлі жазылған жоқ. Сондықтан, бапкерлер алқасы Волосенконы да және оның басты бәсекелесі Виктория Графееваны да Бангкок бәсекесіне қатысуы мүмкін боксшылардың қатарына қосты. Іріктеу турниріне қайсысының қатысатыны кейінірек өтетін оқу-жаттығу жиыны барысында белгілі болады.

Аталмыш турнирде 50 келі салмақта Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, 54 келі салмақта Анель Сақыш, Жайна Шекербекова, Ангелина Лукас, Балауса Мұздыман, Элина Базарова, Ұлжан Сәрсенбек, Сымбат Әлиасқар, 66 келі салмақтаЖасмин Қизатова, Лаура Есенкелді, Наталья Богданова, Дариға Шәкімова, ал 75 келіде Гүлсая Ержан, Валентина Хальзова, Жібек Жарасқызы сынға түседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz