Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Сарыарқа» хоккейшілері ұлттық құрамаға шақырту алды

«Сарыарқа» шабуылшылары Виталий Божко мен Тимофей Симонов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына шақырту алды.

Шабуылшы Виталий Божко Қазақстан кезекті чемпионатында Сарыарқаның намысын қорғап, 14 кездесу өткізіп, бір гол соқты. Плей-офф кезеңіндегі матчтарда 17 жастағы шабуылшы нәтижелі ұпай жинай алмады.

Шабуылшы Тимофей Симонов Қазақстан тұрақты чемпионатында «Сарыарқа» сапында 42 кездесу өткізіп, 5 (1+4) ұпай жинады. Сегіз плей-офф ойынында 17 жастағы хоккейші бір нәтижелі пас берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 25 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Финляндияда шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы элиталық дивизионда 2003 жылдан бері алғаш рет өнер көрсетпекші. Бір жыл бұрын біздің жасөспірімдер бірінші дивизиондағы турнирде жеңімпаз атанып, жолдамаға ие болды. Алдағы 2024 жылғы әлем чемпионатының қатысушылары екі топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы «В» тобында ойнайды, матчтар Вантаа қаласында өтеді. Біздің құрамаға қарсы Швейцария, Чехия, Швеция және Канада командалары ойнайды. Топтық раундтың қорытындысы бойынша әрбір топтан 4 командадан плей-оффқа шығып, соңғы бесінші орынды иеленген командалар өзара топ-дивизиондағы орнын сақтау үшін бір матч ойнайды.

Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі:

2024 жылдың 26 сәуірі, 18:00 – Швейцария – Қазақстан

2024 жылдың 27 сәуірі, 18:00 – Қазақстан – Швеция

2024 жылдың 29 сәуірі, 18:00 – Чехия – Казахстан

2024 жылдың 30 сәуірі, 22:00 – Қазақстан – Канада

Дивизиондағы орынды сақтайтын матчтар, сондай-ақ ширек финалдар – 2 мамырда, жартылай финалдар – 4 мамырда, финал мен үшінші орынды анықтайтын матч 5 мамырда өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz