Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Қайрат» ел чемпиондарын тізе бүктірді, «Астана» ұпай жоғалтты

Қазақстан чемпионатының үшінші турының ең тартысты ойыны Шымкентте өтіп, жергілікті «Ордабасы» «Қайратпен» ойнады.

Бірінші таймда алматылықтар алға шығып үлгерді. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков гол соқты. Естеріңізге сала кетейік, ол бірнеше күн бұрын Люксембургпен өткен ойында ұлттық құрама сапындағы дебюттік голын соққан болатын.

Екінші таймда «Қайрат» басымдығын арттыра білді. Алыс қашықтықтан керемет соққыны бұған дейін бірнеше жыл «Ордабасыда» ойнаған бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло қақпаға дәл бағыттады,

Кездесу соңында шымкенттіктер қонақтар қақпасына қысымды күшейтіп, өзбекстандық шабуылшы Жасур Яхшыбоевтың арқасында бір гол соқты. Дегенмен алматылықтар басымдығын сақтап қалып, кездесуді 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Сондай-ақ бүгін «Астана» өз алаңында «Елімаймен» кездесті. Елордалық клуб биылғы маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты. «Елімай» 1:0 есебімен минималды жеңіске жетті. 88-минутта қазір семейлік клубтың намысын қорғап жүрген «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Роман Мұртазаев Йосип Хондричті қапы қалдырды. Үш турдың қорытындысы бойынша Астанада алты ұпай бар. «Елімайда» қазір төрт ұпай бар.

«Ақтөбе» өз алаңында «Жеңісті» қабылдап, ірі жеңіске жетті. Дмитрий Парфенов шәкірттері биылғы маусымда алғаш рет өз алаңында өз алаңында ойнап, нәтижесімен қуанта білді. Бірінші таймның өзінде-ақ «қызыл-ақтар» «Жеңіс» қақпасын екі рет дәл көздеді. Максим Самородов пенальти орындаса, Идрис Умаев айып алаңындағы ұтымды сәтті пайдалана білді.

Екінші таймда ақтөбеліктер командаға жаңадан келген Дорни Ромероның көмегімен есепті 3:0-ге жеткізді. Сонымен бірге, ойынның соңғы кезеңінде алаң иелері 10 ойыншымен қалды. Себебі  Матео Барах қызыл қағаз алды.

Футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Қызыл-Жар» Петропавлдағы өз стадионында «Тобылмен» кездесті. Әли Әлиев пен Милич Курчич командалары арасындағы біршама қыңыр ойын 0:0 есебімен аяқталды. Осылайша қостанайлық клуб биылғы маусымда бірінші рет ұпай жоғалтты. Қазір «Тобылда» үш ойыннан кейін жеті ұпайы бар. Ал «Қызыл-Жардың» төрт ұпайы бар.

Осылайша, үш апталық үзілістен соң қайтап жалғасын тапқан Қазақстан чемпионатының үшінші туры тартысқа толы болды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz