Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен тең тарқасты

Тараз қаласында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака жолдастық ойында жас ойыншыларға сенім артты. Олардың арасында 19 жастағы ойыншылар Дамир Қайырбай мен Батырхан Кенжеғали бар. Ал Нұрқанат Бақтияров ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізді. Ұзақ уақыт үзілістен кейін Төрехан Досов пен Жаһангир Рашит те құрамаға қайта оралды.

Дегенмен кездесу біздің жігіттер үшін сәтті басталды. Ойынның небәрі екінші минутында Арнольд Кнауб есеп ашты. Алғашқы таймның ортасында Өзбекстан құрамасының ойыншысы Элбек Тулкинов таразы басын теңестірді — 1:1.

Екінші таймда біздің ойыншылардың қателігін пайдаланған қонақтар есепте алға шықты. Алайда, Қазақстан құрамасының ойыншылары жігерлік танытып, ойынның аяқталуына 40 секунд қалған сәтте есепті теңестіре алды. Голдың авторы — Шыңғыс Есенаманов. Ол ұлттық құрамадағы 30-шы голын соқты.

Қазақстан – Өзбекстан 2:2 (1:1)

Голдар: Кнауб 2, Есенаманов 40 – Тулкинов 10, Игита 28 (автогол);

Қазақстан: Игита (к), Серіков – Абдуманапұлы, Эдсон, Валиуллин, Кнауб, Көлбаев, Есенаманов, Рашит, Қайырбай, Досов, Кенжеғали, Төреғазин, Бақтияров;

Өзбекстан: Элибоев, Эльмуродов – Ропиев, Хамроев, Нишонов, Тулкинов, Ботиров, Адилов, Джураев, Рахматов (к), Усманов, Ахметжанов, Худойбердиев, Беркинов;

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz