Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Василий Жиров Қазақстан құрамасын жаттықтыра ма?

Қазақстан тарихындағы әуесқой және кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы, бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы Василий Жиров таяу уақытта Қазақстан құрамасын жаттықтыруға кірісуі әбден мүмкін. Бұл туралы Sports.kz мәлімдеді.

Ол бапкерлердің бірі бола ма, әлде ұлттық құраманың қазіргі бас бапкері Мырзағали Айтжановты алмастыра ма, белгісіз. Бірақ қазіргі таңда ол Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкиннің қолдауына ие болып, ұлттық құрамаға көмектесіп жатыр.

Жиров 20 жылдан астам Америкада тұрып, онда жасөспірімдерді жаттықтырған, бірақ көптен бері Қазақстанға оралып, ұлттық құраманың жаттықтырушысы болғысы келген. Василий Аризона штатының Скотсдейл қаласында тұрып, АҚШ-тағы кәсіби мансабын бастады. Ол 1996 жылы Атлантадағы Олимпиадада жеңіске жетті және Вэл Баркер кубогын иеленді. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін ол бокс залын жалға алып, онда жас боксшыларды ғана емес, жалпы бокспен айналысқысы келетін адамдарды жаттықтырды.

«Маған әртүрлі адамдар келеді. Жігіттер Голливудтан, кез келген жерден келеді. Менің көптеген клиенттерім бар — танымал және танымал емес қарапайым адамдар. Келгендердің бәрін жаттықтырамын. Менімен бірге жаттығамын деуші адам болса, бетін қақпаймын», — деді Василий Жиров сұхбаттарының бірінде.

Сонымен қатар, Василий кәсіби ММА жауынгерлерімен жұмыс істейтінін айтқан болатын. Оларға соққы әдістерін үйретеді. Оның мол тәжірибесі мен жоғары марапаттарға ие болуын ескерер болсақ, мұндай жұмыс «Балқаш жолбарысын» өзі тапқандай. Василийдің ұзақ уақыт бойы жаңа деңгейге өту ниеті болды. Жиров қазақ боксшыларымен жұмыс жасау туралы алғаш рет сонау 2015 жылы туған жеріне жасаған сапарларының бірінде айтқан болатын.

«Менің келудегі мақсатым – отбасым, анаммен, бауырларыммен кездесу. Бапкер ретінде еліме пайдалы бола алам ба, соны  білгім келеді», — деді былғары қолғап шебері.

Шамасы, ол уақытта бапкерлікке дайын емес еді. Бірақ ағымдағы жылдың ақпан айының соңында тың ақпараттар пайда болды.

«Соңғы бірнеше жыл бойы мені туған жерім қатты тартады. Оны жасырмаймын. Қазақстанды сағындым. Отанымнан ұсыныс түссе, әрине, қуана қараймын», — деді Жиров.

Ал ұсыныс бокстан Бусто-Арсицио Олимпиадалық лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының өнер көрсетуі аясында түсті. Ұлттық құрама тамаша өнер көрсетіп, мүмкін болатын 6 лицензияның 5-ін жеңіп алған жарысқа Жировтың өзі қатысты.

Егер Василий Жиров ұлттық құрамаға бапкер ретінде  тағайындалса, «Странджа Кубогында» жақсы нәтиже көрсете алмаған боксшыларды дүр сілкіндіруі керек. Ал ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов әзірге өз орнында қалатын сияқты.

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып Мырзағали Айтжановтың орнына Василий Жиров келуі мүмкін екені туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Бірақ бұл боксшылардың жылдың басты турнирі – Париждегі Олимпиададағы өнеріне байланысты болашақта орын алуы әбден мүмкін.

Мырзағали Айтжанов ел құрамасымен өткен жылдың басынан бері жұмыс жасап келеді және осы уақытқа дейін оның жетекшілігімен Софияда өткен «Странджа кубогында» команда сәтсіз өнер көрсетті. Құрамамыз небәрі үш жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте Өзбекстан, Үндістан, Болгария және Украина боксшыларынан кейін бесінші нәтиже көрсетті.

4 сәуірде аты аңызға айналған боксшы 50 жасқа толды. Чемпионды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойымен жеке құттықтады.

Егер дәл қазір Жиров Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларымен жұмыс жасаса, бұл Олимпиада алдындағы тамаша имидждік қадам болар еді. Оның тәжірибесі мен ақыл-кеңесі боксшыларға басты жарыстарда көмектесетіні сөзсіз.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz