Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Алексей Луценко Италияда өтіп жатқан жарыста екінші орын иеленді

Il Giro d’Abruzzo 2024 - 6th Edition - 2nd stage - Alanno - Magliano de Marsi 161 km - 10/04/2024 - Alexey Lutsenko (KAZ - Astana Qazaqstan Team) - Thomas Pesenti (ITA - JCL Team UKYO) - Yannis Voisard (SUI - Tudor Pro Cycling Team) - photo Ivan Benedetto/SprintCyclingAgency©2024

Astana Qazaqstan Team 9-12 сәуір аралығында Италияда өтіп жатқан «Джиро д’Абруццо» көпкүндік жарысына қатысуда.

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко «Джиро д’Абруццо» жарысының екінші кезеңінде екінші орын иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол топтағы қарсыластарын басып озып, мәреге кезең жеңімпазынан кейін келді.

«Бұл жарыста біздің құрамада негізінен жас шабандоздар, соның ішінде Astana Qazaqstan Development Team өкілдері болғанына қарамастан, команда бүгін өте жақсы жұмыс атқарды. Біздің шабандоздар кезеңнің басынан-ақ жарысты бақылауда ұстап, соңғы тауда мені жақсы орынға шығару үшін бар күш-жігерін салды. Финалда фаворит командалар мәре сызығында жаппай спринттің болғанын қаламай, өте жоғары жылдамдықпен жүрді. Олар үздіксіз шабуылдарды тоқтатуға мәжбүр болды. Соңында бір шабандоз алға шығып үлгерді. Мен екінші болдым. Ертең мәре сызығы таулы аймақта болады және жеңіске жету үшін бар күшімді саламын. Маусымның сәтсіз басталғанына қарамастан қазіргі бабыма ризамын. Бір күн бұрын тауда жақсы дайындықтан өттім және ертеңгі шешуші кезең алдындағы, сондай-ақ алда өтетін Льеж-Бастон-Льеж және Романдия туры алдында өзімді жарысқа толығымен дайын сезінемін», — деді Алексей Луценко.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы жарыстың жалпы классификациясында жаңа көшбасшыдан 20 секундқа кейін қалып, екінші орынға жайғасты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz