Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандық еркін күрес балуандары үш медальді сарапқа салды.

Бүгін, 11 сәуірде Қырғызстан астанасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталып, турнирдің басты жұлдыздарының бірі қазақстандық спортшы болды. Әңгіме еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы – 19 жастағы Ризабек Айтмұхан туралы болып отыр. Ол қарсыластарының бірде-бір ұпай алуына мүмкіндік бермей (30-0) финалға шығып, үш жекпе-жектің екеуінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ризабек жарыс жолын қырғызстандық Андрей Ароновты жеңумен бастап, кейін өзбекстандық Мақсуд Вейсаловтан айласын асырды. Жартылай финалда Айтмұхан үндістандық Вичиді мерзімінен бұрын жеңіп, тағы бір әлем чемпионы – Бахрейн атынан шыққан 21 жастағы Ахмед Тажудиновке қарсы шықты. Финалдық жекпе-жекте Тәжудинов алға шықты. Айтмұхан есепті теңестіруге барын салғанымен, 19 жастағы қазақстандық екі ұпайға ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Аталмыш турнирде Қазақстан құрамасы сапынан бірінші болып медаль әкелген 26 жастағы Мейрамбек Қартбай болды. 57 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Нодирбек Жұманазаровты жеңгенімен, жартылай финалда жапониялық Кенто Юмияға есе жіберді.

Қола жүлде үшін белдесуде қазақстандық қытайлық Вэйю Лимен кездесіп, Бішкекте екінші жеңісіне қол жеткізді. Белдесудің алғашқы минуттарынан кейін есеп (2:2) теңесті, бірақ кейін Қартбай басымдықты қолға алып, медальға қол жеткізді.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 34 жастағы Азамат Өміржанов қола  медаль үшін сынға түсті. Қазақстандық спортшы жарысты моңғолиялық Бямбадорж Энхбаярдан жеңілумен бастады. Бірақ қарсыласының сәттілігінің арқасында ол жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Мұнда Өміржанов 19 жастағы жапондық Рюносуке Камияны көзіне жас алдырды. Азамат ұпай саны бойынша айқын басымдыққа ие болды. Содан кейін қарсыласының барлық шабуылдарын сәтті тойтарды. Ақтық ысқырықтан кейін Камия көзіне жас алды.

Қола үшін күресте Қазақстан мен Өзбекстан балуандары бақ сынады: Асомиддин Хасанов Өміржановтың қарсыласы атанды. Азамат алға шықты (6-0). Бірақ үзіліске дейін басымдықты уысынан шығарып алды (6-7). Нәтижесінде Хасанов тағы екі ұпай жинап, Азия чемпионатының медалін иеленді.

Айта кетйік, күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы сәуірдің 19-ы мен 21-і аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарының Азия іріктеу турниріне қатысады. Құрлықтық іріктеу турнирінде финалға шыққан екі спортшы ғана Олимпиада лицензиясын алады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz