Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Отыз жылдан кейін футбол мұнайшылар қаласына қайта оралды

Қазақ футболының көкжиегі кеңейіп келеді. 12 сәуір – Жаңаөзен қаласы үшін ғана емес, күллі Маңғыстау облысы үшін тарихи күн болды. Отыз жылдан астам уақыттан кейін футбол ойыны мұнайшылар қаласына оралды. Бұл туралы ҚФФ мәлімдеді.

Қазақ спортының аңызы Әмин Тұяқов атындағы стадионда Бірінші лиганың «Каспий» және «Алтай» командалары арасындағы ойын өтті. Тарихи матчта маңғыстаулық команда 4:1 есебімен жеңіске жетті. Қала тұрғындары үшін үлкен қуаныш сыйлаған футбол мерекесі өңірдегі бұқаралық және кәсіпқой футболдың дамуына мүмкіндік бермек.

Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев бүгінгі ойынның балаларға нағыз мереке сыйлағанын  және олар команданың келесі ойындарын асыға күтетінін айтты. Бұған қоса, бұл бастама қаладағы футболдың дамуына әсер ететінін атап өтті.

«Футбол – бұл тек ойын емес, мыңдаған, тіпті, миллиондаған адамды біріктіруге қауқарлы қоғамдық құбылыс. Жаңаөзен қаласының халқы Бірінші лига матчтарын тамашалап, облысымыздың намысын қорғайтын «Каспий» футбол клубына жанкүйер болғанын қалаймыз. Тарихи сәт болашақта Жаңаөзенде кәсіби футбол клубы мен балаларға арналған футбол секцияларының ашылуына себеп болады», — деді шаһар басшысы.

Тоқсаныншы жылдары Жаңаөзен өңірі үшін футболдың маңызы ерекше болды. Биылдан бастап Қазақстан футбол федерациясының футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі комиссиясы қайта жаңартудан өткен Жаңаөзен стадионына Бірінші лига матчтарын өткізу шешімі қабылданды. Үш мың жанкүйерге арналған Әмин Тұяқов атындағы стадион енді Бірінші лига ойындарының талаптарына толықтай сай келеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz