Бүгін Қазақстан Кубогы аясында үш матч өтті.
Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Қайрат» «Тұраннан» басым түсті. Алматыда өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері Элдер Сантананың күшімен 29-минутта есеп ашты. Үзіліске дейін «Қайраттың» қорғаушысы Лука Гадрани жерлесі Георги Зарияның айып алаңынан асырған добынан кейін түркістандықтардың қақпасына екінші голды соқты. Екінші таймның аяғында Еркебұлан Сейдахмет үшінші гол соқты. Ол 94-минутта пенальтиді сенімді орындады.
Қарағандыда елордалық командалар «Жеңіс» пен «Астана» арасында футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалының матчы өтті. Кездесу 1:0 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталды. Жалғыз голды бесінші минутта елордалық клубтың түлегі Рамазан Кәрімов соқты. Осылайша, Астана ширек финалға шықты. Айта кетейік, биылғы маусымда ҚПЛ-да екі астаналық команда өнер көрсетуде.
«Атырау» ФК футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына шықты. Мұнайшылар 1/8 финалда бірінші лига өкілі елордалық SD Family командасымен ойнады. Атыраудағы кездесу алаң иелерінің ірі жеңісімен 6:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда алаң иелері екі рет қонақтар қақпасын дәл көздеді. Барбоза Суарес 28-минутта, Фатхулло Олимзода 33-минутта гол соқты. 46-минутта Педро Эуженио есеп айырмасын арттырса, 67-минутта Барбоза дубль жасады. 83-минутта Никита Степанов есепті 5:0-ге жеткізсе, 87-минутта Евгенио пенальтиді орындап, дубль авторы атанды.