Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Арлан» – екі дүркін Қазақстан чемпионы

Көкшетауда Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының соңғы, бесінші ойыны өтті.

Финалда көкшетаулық «Арлан» мен астаналық «Номад» бақ сынады. Көкшетаулықтар бес кездесуде жеңіске жетіп, өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Дмитрий Катаевтың командасына Pro Hokei Ligasy кубогы мен алтын медальдар табыс етілді. «Номад» екінші жыл қатарынан финалда ойнап, биылғы маусымда Федор Полищук командасы күміс жүлдеге қол жеткізді.

«Арландар» бұл ойында серияға нүкте қоюға ынталы болғаны анық. Сондықтан алғашқы кезеңде де «көшпенділер» қақпасына 12 соққы бағыттады. Соның тек біреуі ғана нәтижелі болды. Гол авторы  Андрей Павленко

Екінші кезеңнің басында айдын иелерінің басымдығын Егор Буялский нығайтты. Көкшетаулық шабуылшы көк сызықтан қақпаға дәл соққы бағыттады.

Соңғы үшінші кезеңде Станислав Александров «Номадтың» жеңіске деген үміт отын жақты. Алайда небәрі бір жарым минуттан кейін Артём Лихотников Дмитрий Катаевтың командасын тағы да алға шығарды. Ойын соңына қарай «Номад» қарсылас команданың қақпасына нағыз шабуыл ұйымдастырды. Бірақ Сергей Кудрявцев бастаған «арландар» қорғанысы алынбас қамалдай көрінді. Көкшетаулық команданың қақпашысы 29 соққыға тойтарыс берді. Осылайша көкшетаулық клуб өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

«Арлан» — «Номад» 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)

1:0 — 10:54 — Павленко (Шевченко, Буялский)

2:0 — 24:32 — Буялский (Шевченко, Хорошев)

2:1 — 43:04 — Александров (Шұлға)

3:1 — 44:46 — Лихотников (Никулин, Карабан)

Қақпашылар: Кудрявцев — Бояркин

«Арлан» – «Номад» сериясындағы есеп: 4-1 (3:4 ОТ5, 2-1 ОТ, 2:0, 4:1, 3:1)

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz