Бүгін, 18 сәуірде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) турнирден кейін алғашқы кездесуін өткізді. Еліміздің бірінші ракеткасы Штутгарт қаласында (Германия) өтіп жатқан WTA 500 — Porsche Tennis Grand Prix турнирінің екінші айналымында ресейлік Вероника Кудерметовамен ойнады.
Бірінші сет тартысты өтті. Бірақ тайбрейктен кейін қазақстандық теннисші алға шықты 7:6 (3). Ал екінші сетте Рыбакина 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Үшіншісінде Елена 4:1 есебімен алға шықты, содан кейін қарсыласы басымдықты қайта қолға алды. Бірақ, соған қарамастан Елена ойынның нүктесін қойды — 6:4. Теннисшілер кортта 2 сағат 35 минут уақыт өткізді. Рыбакина 9 эйс жасап, 3 қосарлы қателік жіберді.
Бұл Елена мен Вероника арасындағы төртінші кездесу болды. Бұған дейін үш кездесу де қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталған болатын.
Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина 1/8 финалдың тағы бір матчы Жасмин Паолини — Онс Жабер (Тунис) арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.