Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Шымкентте жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу өтеді

13-25 мамыр аралығында Шымкентте екінші жыл қатарынан Asia/Oceania Final Qualifying Juniors Davis Cup және Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирлері өтеді. Жарысқа Азия/Океания аймағынан 16 жасқа дейінгі ең мықты жасөспірімдер қатысады.

Турнирге Қазақстаннан бөлек Аустралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Қытай Тайбэй, Гонконг, Иран, Индонезия, Жаңа Зеландия, Өзбекстан, Иордания, Малайзия, Тайланд, Вьетнам және Шри-Ланка командалары қатысады.

Өткен жылы Дэвис Кубогында және Билли Джин Кинг кубогында Қазақстанның жасөспірімдер құрамалары сәтті іріктеуден өтіп, Қазақстан теннис тарихында алғаш рет 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.
Әр турнирдің іріктеу кезеңінде төрт топқа бөлінген 16 команда өнер көрсетеді. Әр топтан екі үздік команда плей-офф кезеңіне өтеді. Олар командалық әлем чемпионатының жолдамаларын сарапқа салады. Биылғы жылы Азия/Океания елдерінен келген ұлдар мен қыздарға төрт орын беріледі, ал жартылай финалистер әлем чемпионатына автоматты түрде жолдама алады.

Billie Jean King Cup Juniors/Davis Cup Juniors Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізетін 16 және одан кіші жас тобындағы жасөспірімдер арасындағы теннистен бірінші командалық турнир. Турнирлерге қатысқан атақты кәсіпқой теннисшілер қатарында хорват Горан Иванишевич, америкалық Джим Курьер, Майкл Чанг және Энди Роддик, голландиялық Ричард Крайчек, ресейліктер Евгений Кафельников, Марат Сафин, Даниил Медведев, Андрей Рублев, бразилиялық Густаво Куертендер бар.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz