Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ақтөбе» көш бастады

ҚПЛ-2024 бесінші тур ойынында «Ақтөбе» сырт алаңда «Қайратты» ұтты. Алматыда өткен кездесу 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. 40-минутта «Қайраттың» шәкірті Әлібек Қасым пенальтиді мүлтіксіз орындап, ақтөбеліктер алға шықты. Екінші гол 68-минутта соғылды. «Қызыл-ақтардың» қарымта шабуылына Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов нүкте қойды. Қосымша уақытта үшінші голды да Самородов соқты. «Қайрат» сапынан Вячеслав Швырев есеп айырмасын қысқартты. Осы жеңісінің арқасында 10 ұпай жинаған «Ақтөбе» турнирлік кестеде көш бастады.

Қазақстан чемпионатының бесінші тур матчында шымкенттік «Ордабасы» мен петропавлдық «Қызыл-Жар» ойнады. Шымкентте өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Екінші тайм басталысымен бірінші болып қонақтар алға шықты. 48-минутта Евгений Березкин гол соқты. ҚПЛ чемпиондары 52-минутта Сергей Малыйдың голынан кейін есепті теңестірді. Осылайша, «Қызыл-Жар» мен «Ордабасы» сегіз ұпай жинады. Келесі турда «Ордабасы» сәуірдің 28-і күні сыртта «Елімайды» қабылдаса, «Қызыл-Жар» 27-сі күні «Атыраумен» алаңға шығады.

Сонымен қатар бесінші тур аясында елордалық «Жеңіс» өз алаңында түркістандық «Тұранды» қабылдады. Қарағандыда өткен кездесуде «Жеңіс» алаң қожайыны болып,  1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Бірінші таймның аяғында жалғыз голды елордалық ойыншы Денис Гречихо (38-минут) соқты. Осылайша, «Жеңіс» алты ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орынға көтерілді. «Тұран» төрт ұпаймен тоғызыншы орында. Келесі турда «Жеңіс» 27 сәуірде сыртта «Тобылмен» ойнайды. Бұл күні «Тұран» өз алаңында «Астананы» қабылдайды.

Қызылордада «Қайсар» мен «Атырау» ойнады. Матч 1:1 есебімен аяқталды. Қонақтар 53-минутта Педро Эуженионың голының арқасында бірінші болып алға шықты. 74-минутта Валерий Громыко тепе-теңдікті қалпына келтірді. Айта кетейік, 87-минутта «Атырау» көшбасшысы Игорь Стасевич алаңнан қуылған соң матчтың соңғы минуттарында команда он ойыншымен қалуға мәжбүр болды.

Бүгін, 21 сәуірде Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) бесінші турының екі ойыны өтеді. Елордада 16:30-да жергілікті «Астана» Қостанайдың «Тобылын» қабылдайды. Ал 19:00-де «Жетісу» — «Шахтер» текетіресімен 5-тур аяқталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz