Астаналық футболшылар Қазақстан чемпионатының бесінші турындағы драмалық ойында «Тобылмен» тең ойнады. Алматыдағы «Хан Тәңірі» стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Басты оқиғалар матч соңында өрбіді. Есеп 1:2 болғанда астаналықтар таблодағы көрсеткішті теңестірді. Бірақ кейін олар Руслан Валиуллиннен үшінші голды жіберіп алды, бірақ VAR бойынша Қазақстан құрамасының қорғаушысының голы есепке алынбады. Нәтижесінде командалар тартысты матчтан кейін тең тарқасты.
«Тобыл» сапынан Папе Алиун Ндиайе (13-минут) мен Давид Борис Энен (78-минут) гол соқты. Ал «Астана» сапынан Марин Томасов (27) пен Станислав Басманов (93) көзге түсті.
Ал «Жетісу» футболшылары Қазақстан чемпионатының бесінші турындағы «Шахтерге» қарсы ойында жеңіске жетті. Талдықорғанда «Орталық» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз команда сапынан жалғыз голды Серікжан Мужиков соқты. Бұл жеңіс талдықорғандықтарға жеті ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. «Шахтер» 3 ұпаймен 12-ші орынға жайғасса турнир көшін 10 ұпаймен «Ақтөбе» командасы бастап тұр.
Алтыншы тур 27 және 28 сәуірде өтеді: «Тобыл» — «Жеңіс», «Атырау» — «Қызылжар», «Тұран» — «Астана», «Қайсар» — «Қайрат», «Елімай» — «Ордабасы», «Жетісу» — «Ақтөбе» командалары өзара мықтыны анықтайды.