Шымкентте ITF World Tennis Tour сериясының турнирінде әйелдер арасындағы жұптық финалда қазақстандық Асылжан Арыстанбекова мен Сандуғаш Кенжебаева Ирен Лавино (Италия)/Хаини Огатоны (Жапония) 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Ерлер арасында Григорий Ломакин ресейлік Павел Вербинмен дуэтте жарыстың төртінші ракеткалары болып тіркелген жұп — Александра Бакши (Грузия)/Никлас Шеллден (Германия) – 7:6 (7:1), 6:3 есебімен басым түсті. Осылайша қазақстандық теннисшілер ITF World Tennis Tour сериясының турнирінің чемпионы атанды.
Жасөспірімдер қазақстандық теннис сүйер қауымды қуантып келеді. Ая Нүпбай Францияда өткен беделді ITF Juniors J200 турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші ресейлік Виктория Миловановамен жұптаса, турнирдің бірінші ракеткалары Юлия Стусик (Германия)/Лаима Владсоннан (Литва) — 6:4, 7:5 есебімен жеңісті жұлып әкетті.
Душанбеде ITF Juniors J30 сериясы бойынша жекелей сында қазақстандық Кира Эртман финалда Катерина Миллерге (Ресей) есе жіберді — 1:6, 4:6. Жұптық сайыста Сафина Сафиулина мен Тарита Хонгсюк (Таиланд) ресейлік Анастасия Тимошенко/София Ведерникованы 4:6, 6:3, 13:11 есебімен ұтты. Ұлдар арасында Никита Николенко мен Тихон Сорокин финалда тайлық Паворнпроши Нганбонсри/Гутам Венкатрман жұбын 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Сондай-ақ Бакуде 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Tennis Europe сериясы турнирінде қазақстандық Дарья Арғынғазинова мен Айлин Бакиева турнирдің финалистері атанды.