Гагарин кубогының финалында Магнитогорскінің «Металлургы» мен Ярославльдің «Локомотиві» сынға түсті.
ҚХЛ плей-офф кезеңінің финалында «Металлург» төрт жеңіске дейінгі серияда ярославльдік «Локомотивті» жеңді. Ярославльде өткен соңғы ойында «Металлург» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал сериядағы есеп — 4:0.
Айдын иелері бірінші кезеңде тоғызыншы минутта Ярослав Лихачевтің шайбасынан кейін алға шықты. Екінші кезеңнің соңында Денис Зернов (40 минут) есепті қалпына келтірсе, Вовченко 52-минутта «Металлургке» жеңіс әкелді.
Айта кетейік, алдыңғы үш кездесуде «Металлург» 2:1, 1:0 және 2:1 (ОТ) жеңіске жетті.
«Металлург» сапында Қазақстан құрамасының хоккейшілері Никита Михайлис, Валерий Орехов және Максим Мухаметов өнер көрсетеді.
Матч аяқталған соң «Металлургтің» қазақстандық шабуылшысы Никита Михайлис командасының 2024 жылғы Гагарин кубогындағы жеңісі туралы пікір білдірді.
«Бұл маусым қиынға соқты. Жарқын сәттер мен құлдырау да болды. Бірақ бізде тамаша команда бар және біз осы плей-офф кезеңдерінің әрбір сериясында нәтижемізді жақсартып отырдық. Бұл жай ғана керемет атмосфера емес. Эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қиналған сәттер болды ма? Әрине, маусымның ортасында мұндай сәттер болған шығар. Алайда плей-офф кезеңінде біз жеңіске жететінмізді түсіндік. «Амурға» қарсы қиын кездесулер болды. Бірақ біз әр матч сайын жақсара түстік. Разинмен жұмыс істеген осы жылы мен көп нәрсені үйрендім. Керемет ұжымға келдім. Жігіттерге рахмет!», — деді Михаилис.
Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының тарихында тұңғыш рет қазақстандық хоккейдің үш тәрбиеленушісі Гагарин кубогының иегері атанды.
Соңғы рет 2011 жылы Гагарин кубогын қазақстандық қақпашы Виталий Колесник иеленген болатын.