Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

1 миллион доллардың турнирі: Бүгін QFL лига кубогының жеребесі тартылады

QFL Лига Кубогы биыл елімізде алғаш рет ұйымдастырылмақ.

Отандық футбол жанкүйерлерін үлкен оқиға күтіп тұр. 25 мамыр күні еліміздегі 16 мықты футбол клубтың қатысуымен өтетін жаңа турнир — QFL Лига Кубогы басталады. Басты кубок үшін «Ақжайық», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Каспий», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тараз», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер» клубтары таласатын болады.

QFL Лига Кубогының қатысушылары төрт клубтан төрт топқа бөлінеді. Әр команда өзара бір матчтан ойнап, бірінші орын алған ұжым қос кездесуден тұратын жартылай финалға жолдама алады. Ары қарай жартылай финалдың жеңімпаздары 24 қараша күні маусымның соңғы ойынында чемпионды анықтайды.
Турнир аясында жанкүйерлер 29 тартысты матчқа куә болады. Жеребе тарту рәсімі бүгін өтеді.

Жеңімпаз турнирдің барлық кезеңде жеңіске жетсе 134 миллион теңгеге дейін иемденеді, өйткені жүлде қоры былай бөлінеді:
90 миллион теңге – кубок иегері;
50 миллион теңге — 2-орын иегері;
11 миллион теңге – финалға шығу;
10 миллион теңге – жартылай финалға шығу;
5 миллион теңге – топтық кезеңдегі ойында жеңіс;
2,5 миллион теңге – топтық кезеңдегі ойында тең нәтиже;
8 миллион теңге — турнирге қатысушы.
Топтық кезеңнің мачтары 25-26 мамыр (1 тур), 6-7 шілде (2 тур) және 20-21 шілде (3 тур) өтеді. Жартылай финал 10-11 тамыз бен 30 қазан, ал финал 24 қарашаға жоспарланған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz