Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Жастар арасындағы әлем чемпионатында құрамамыз Швецияға есе жіберді

Қазақстан құрамасы жастар арасындағы хоккейден (U18) әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді.

Георгий Верещагин шәкірттері Финляндиядағы турнирде В тобында Швеция құрамасымен ойнады. Кездесу 7:1 есебімен скандинавиялықтардың ірі жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды Абзал Әлібек соқты. Ол бірінші кезеңде алтыншы минутта есеп ашты.

Айта кетейік, бұл біздің команданың екінші жеңілісі. Хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Швейцариямен кездесті. Бірінші кезеңде Аристарх Киреев пен Абзал Әлібектің голдарының арқасында хоккейшілеріміз 2:0 есебімен алға шықты. Бірақ, ойынның екінші бөлігінде қарсылас есепті теңестіріп үлгерсе, ойынның үшінші бөлігінде тағы үш гол соқты. Қорытынды есеп 5:3, Швейцария құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Құрамамыз келесі кездесуін дүйсенбі, 29 сәуірде Чехияға қарсы өткізеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz