Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстандық дербиде Елена Рыбакина жеңіске жетті

Мадридте (Испания) WTA-1000 санатындағы турнирде 1/4 финалдық кездесу өтті. Онда екі қазақстандық теннисші — әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина мен әлемнің 50-ші ракеткасы Юлия Путинцева өзара мықтыны анықтады.

Бірінші сетте Рыбакина 2:1 есебімен алға шықты. Бірақ Путинцева брейк жасап, жеңіске жетті (6:4). Екінші сет тағдыры тайбрейкте шешіліп, Рыбакина есепті теңестірді (7:4). Шешуші сет те Рыбакинаға (7:5) бұйырды. Ол есепті 2:1-ге жеткізді.  Осылайша, Рыбакина Mutua Madrid Open турнирінің жартылай финалына шықты. Ол Мадрид турнирінің жартылай финалына дейін жеткен алғашқы қазақстандық теннисші екенін де айта кетейік.

«Бұл өте қиын матч болды. Мен оңай болмайтынын білдім. Жақсырақ бастаймын деп үміттендім… Есепті теңестіру оңай болған жоқ. Есеп 2-5 болғанда, мен эмоцияларыма және көңіл-күйіме қарамай ойынды жалғастырдым. Юлия аздап ашулана бастады. Кейбір қателіктері маған көмектесті. Мен жай ғана ойнай бердім. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», — деді Рыбакина матчтан кейін корттағы сұхбатында.

Турнирдің финалына шығу үшін Рыбакина Мирра Андреева — Арина Соболенко кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

«Кім жеңетінін көреміз. Егер Арина жеңсе, онда ол керемет чемпион. Бұл әдеттегідей қиын жекпе-жек болады. Мирра болса, онда ол жас. Мұндай ойыншылар өте қауіпті. Мен матчты асыға күтемін және қайта қалпыма келе аламын деп үміттенемін», — деп қоса кетті Елена Рыбакина.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz