Қазақстан құрамасы жастар арасындағы хоккейден (U18) әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. В тобындағы Канадамен кездесуде жалпы 14 гол соғылды. Лиам Гринтридің голынан кейін алтыншы минутта бірінші болып үйеңкі жапырағы елі» есеп ашты. Арада бес минут өткенде қазақстандықтар Асанәлі Сәркеновтің арқасында есепті теңестірді -1:1.
Бірінші кезеңде канадалықтар тағы екі рет — Тий Игинла 16-минутта, Максим Массе 18-минутта гол соқты.
Екінші кезеңде қарсыластар Георгий Верещагин шәкірттерін есеңгіретіп жіберді. Жиырма минутта канадалықтар бес гол соқты. Коул Бодо (24 минут), Анри Муз (25 минут), Калеб Десно (28 минут), Гэвин МакКенна (31 минут) және Портер Мартон (37 минут) гол соқты. Үшінші кезең басталысымен Саркенов дубль жасады – 2:8. Дегенмен, Фрэнки Марелли мен МакКенна есепті 2:10-ға жеткізді.
Саркенов 56-минутта хет-трик жасаса, Хариссон Браник 57-минутта Қазақстан қақпасына 11-ші голды соқты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Верещагин шәкірттері Швейцария (2:5) және Швециядан (1:7) ұтылды. Ал соңғы матчта Чехияны қосымша уақытта 4:3 есебімен жеңіп, сенсация жасаған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы В тобында бесінші орын алды және бүгін, 2 мамырда жоғарғы дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Норвегиямен ойнайды.