Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жұптық сында жаңартылған рейтингіне енбей қалды. Ол соңғы рет 548-ші орында болды. Рыбакинаның тізімнен шығарылуы оның көптен бері жұптық сында ойнамағаны, тек жекелей жарысқа көп көңіл бөлуімен байланысты болуы мүмкін.
Ал жаңартылған жекелей рейтингте Рыбакина әлі де төртінші орында. Рыбакина биыл Брисбенде (Австралия), Абу-Дабиде (БАӘ) және Штутгартта (Германия) өткен WTA 500 сериясы турнирлерінің жеңімпазы атанды.
Ал соңғы матчта Мадридте (Испания) WTA 1000 — Mutua Madrid Open турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, беларусь Арина Соболенкадан жеңіліп қалған болатын.
Енді қазақстандық теннисші Римде (Италия) 7-19 мамыр аралығында өтетін WTA-1000 санатындағы топырақ төсенішінде өтетін турнирге қатысады. Бүгін турнирдің жеребе тарту рәсімі өтті. Польшадан келген Әлемдік рейтингтің көшбасшысы Ига Швентек Римде өтетін жарыстың да бірінші ракеткасы болып тіркелді. Әлемдік рейтингтің көшбасшылары жарысты бірден айналымнан бастайды. Ол Кэролайн Доулхайдпен немесе іріктеу турнирінің жеңімпаздарының бірімен кездеседі. Арина Соболенко екінші нөмірде өнер көрсетеді. Ол Ван Яфанмен немесе іріктеуден өткен теннисшілердің бірімен сынға түседі. Турнирдің қазіргі чемпионы Елена Рыбакина румыниялық Ирина Бегумен немесе іріктеу жеңімпазымен кездеседі.