Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Жастар арасындағы Азия чемпионатының финалистері анықталды

Елордада 27-сәуір мен 7-мамыр аралығында бокстан Азия чемпионаты өтуде.

Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы Азия чемпионатының 1/2 финалында өнер көрсетті. 70 келіге дейінгі салмақта Жасмин Қизатова (Қазақстан) өзбекстандық Хадишабану Абдуллаевамен кездесті. Қизатова төрешілердің шешіммен жеңіске жетті. Кездесу аяқталған соң Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі қазақстандық Қизатованың Азия чемпионатының жартылай финалындағы өнеріне қатысты пікір білдірді.

«Жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Жасмин Кизатова өзінің соңғы ойынындағыдай стратегияны қолданып, өзбек Хадичабону Абдуллаеваға қарсы алыс қашықтықтан ойнады. Жартылай орта салмақтағы (70 келі) қазақстандық боксшы бірінші және екінші раундтарда өзбек қызы үшін қиын нысанаға айналды. Абдуллаева жекпе-жек соңына қарай барын салғанына қарамастан, Қизатова Астанадағы финалға өтті», — деп жазды ASBC.

Ал тағы бір бұрымды боксшымыз Анастасия Баязитова 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Оның қарсыласы тағы бір өзбек боксшысы Азиза Зокирова болды. Өзбекстан өкілі осы жартылай финалда жеңісін тойлады.

Сондай-ақ Шахназ Исаева жартылай финалдық кездесуін өткізді. 60 келіге дейінгі салмақта ол Мицорабан Ибрахимжановамен кездесті. Бірінші раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен Исаеваға басымдық берді. Екінші раундта төрешілер тағы да 5:0 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына аралық жеңілісті тіркеді. Үшінші раундта Ибрахимжанова тағы да басын төмен салып жекпе-жек өткізіп, ойыннан дисквалификацияланды. Финалда Исаева тегі қазақ қытайлық боксшы Айгусе Майхесутимен кездеседі.

Анар Тұрсынбек бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті. 63 келіге дейінгі салмақта ол өзбекстандық Мохинабону Абдуллаевамен кездесті. Бірінші айналымда төрешілер бірауыздан басымдықты қазақстандық боксшыға берді. Екінші және үшінші раундтардың нәтижелері де Анар Тұрсынбектің еншісінде қалды.

Осылайша Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының финалистерінің есімдері белгілі болды. Айта кетейік, аталмыш жарыста әйелдермен қатар ерлер де өнер көрсетуде.

Азия чемпионатының финалистері:
52 келі, Бағжан Отынбай (Қазақстан) — Ниша (Үндістан)

54 келі, Аяжан Сыдық (Қазақстан) — Таманна (Үндістан)

60 келі, Алексей Хаванцев (Қазақстан) — Сагар Джахар (Үндістан)

57 келі, Аяжан Ермек (Қазақстан) — Феруза Шарипова (Өзбекстан)

60 келі, Толғанай Қасымхан (Қазақстан) — Никита Чанд (Үндістан)

67 келі, Төрехан Сабырхан (Қазақстан) — Мухаммадазизбек Исмоилов (Өзбекстан)

71 келі,  Өнер Сейілхан (Қазақстан) — Прияншу (Үндістан)

66 келі, Ұлдана Таубай (Қазақстан) — Дина Сантыбек (Қытай)

75 келі, Санжарәлі Бегалиев (Қазақстан) — Рахул Кунду (Үндістан)

70 келі, Мария Сидоренко (Қазақстан) — Алимире Абудурейму (Қытай)

80 келі, Мадияр Бексұлтанов (Қазақстан) — Мухаммадазиз Закиров (Қырғызстан)

75 келі Шұғыла Нәлібай (Қазақстан) — Рудрика (Үндістан)

86 келі Иманғали Нұрпейіс (Қазақстан) — Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)

81 келі Аружан Зейноллаева (Қазақстан) — Кхуши Пуния (Үндістан)

81+ келі Панар Сейтанқызы (Қазақстан) — Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан).

Дүйсенбі, 6 мамырда 2024 жылы Астанада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы финалдық жекпе-жектер өтеді. Турнирге қатысушылар алтын медальдарды сарапқа салады. Жарыстың финалында Қазақстан намысын он бес боксшы қорғайды (алтауы ерлер, тоғызы әйелдер). Жекпе-жектер Астана уақытымен 6-мамыр сағат 12:00-де басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz