Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында медальдық есепте бірінші орын иеленді

Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында медальдық есепте бірінші орын иеленді.

Жастар арасындағы турнир қорытындысында Қазақстан 11 алтын медаль жеңіп алып, негізгі бәсекелестері Өзбекстан (7 алтын) мен Үндістан (5 алтын) құрамаларынан басым түсті. Қытай мен Иран бір-бір алтын иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшылардан жастар арасында Алексей Хаванцев (60 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі) және Мадияр Бексұлтанов (80 келі) чемпион атанды. Әйелдер арасында  Аяжан Сыдық (54 келі), Аяжан Ермек (57 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Ұлдана Таубай (66 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Аружан Зейноллаева (81 келі) алтыннан алқа тақты.

Жастар арасында Иманғали Нұрпейіс (75 келі) күміс жүлдегер атанса, әйелдер арасында Бағжан Отынбай (52 келі), Мария Сидоренко (70 келі) және Панар Сейтанқызы (81+ келі) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Сондай-ақ турнирде Бексұлтан Боранбек (51 келі), Нұрасыл Төлебек (54 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Ахмет Үсен (63,5 келі), Расул Асанханов (92 келі) және Нұргелді Жұматай (92 келі) қола жүлдені қанағат тұтты келі), әйелдер арасында – Әнел Әбдірәсілова (48 келі), Елянұр Тұрғанова (50 келі) және Аружан Жанғабаева (63 келі).

Сейсенбі, 7 мамырда құрлық біріншілігіндегі финалдық жекпе-жектерді 22 жасқа дейінгі боксшылар өткізеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz