Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Барыс» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

«Барыс» хоккей клубы негізгі команданың бас бапкері қызметіне Дэвид Немировски тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді. 47 жастағы канадалық маманмен келісім-шарт 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.

Немировски Құрлықтық хоккей лигасында 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді. «Адмиралда» спорттық директор қызметін атқарғаннан кейіня, Дэвид төрт жыл бойы «Торпедо» командасын жаттықтырды. Ол Нижний Новгород қаласы ұжымының бас бапкері болған кезде команда үш рет Гагарин Кубогы плей-офф кезеңіне шықты. Өткен маусымда маман Новосібірдің «Сибирь» командасының бас бапкері болды.

Канадалық маман кезінде «Барыста» өнер көрсеткенін де айта кетейік. Ол ойыншы ретінде 2009/10 маусымында елордалық хоккей клубының намысын қорғады. Құрлықтық хоккей лигасында 47 кездесу өткізіп, 29 (15+14) ұпай жинады және үш плей-офф ойынында гол соқты.

«Бас бапкерді таңдауда көп еңбектеніп, Немировскидің кандидатурасына тоқтауға шешім қабылдадық. Дэвидке Астана мен Қазақстан жақсы таныс. Өйткені өзі де «Барыс» сапында өнер көрсетті. Енді оны басқа қырынан байқап көреміз. Жақында жаңартылған бапкерлер штабын жариялаймыз және алдағы маусымға құрам жасақтауды жалғастырамыз. Дэвидпен жұмысымыз жемісті болып, командамыз Лигада бұрынғыдай жақсы өнер көрсетеді деп сенеміз», — деді «Барыстың» бас менеджері Олег Болякин.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz