Италия тас жолдарында «Джиро д’Италия» көпкүндігі веложарысының алтыншы кезеңі өтті. Кезеңнің ұзақтығы 180 шақырымды құрады. Сайыс қорытындысы бойынша Movistar өкілі Пелайо Санчес жеңімпаз атанды. Екінші нәтиже Soudal Quick-Step шабандозы француз Джулиан Алафилипке бұйырды. Аустралиялық Лукас Плапп үздік үштікті түйіндеді.
«Астана» командасының көшбасшы шабандозы Алексей Луценко кезеңді оныншы болып аяқтады. Симоне Веласко 13-ші, Кристиан Скарони — 21-ші, Лоренцо Фортунато — 37-ші, Давиде Баллерин — 62, Макс Кантер — 65, Вадим Пронский — 102, Хенок Мулубырхан — 108-ші нәтиже көрсетті.
«Джиро д’Италия». Алтыншы кезең
Виареджо – Раполано-Терме. 180 шақырым
- Пелайо Санчес (Испания, Мовистар) – 4:01:08
- Жулиан Алафилипп(Франция, «Soudal Quick-Step»)
- Лукас Плапп (Аустралия, «Jayco-AlUla») — +0:01
- Алексей Луценко (Қазақстан, Астана) — +0:29
- Симоне Веласко (Италия, Астана)
- Кристиан Скарони (Италия, Астана)
- Лоренцо Фортунато (Италия, Астана)
- Давиде Баллерин (Италия, Астана) — +7:15
- Макс Кантер (Германия, Астана) – +9:00
- Вадим Пронский (Қазақстан, «Астана») — +13:33
- Хенок Мулюбырхан (Эритрея, Астана)
Жалпы есеп:
- Тадей Погачар (Словения, «Team Emirates») — 23:20:52
- Герайнт Томас (Ұлыбритания, INEOS Grenadiers) — +0:46
- Даниэль Мартинес (Колумбия, BORA-hansgrohe) — +0:47
- Лоренцо Фортунато (Италия, Астана) — +1:07
- Алексей Луценко (Қазақстан, Астана) — +1:26
- Кристиан Скарони (Италия, Астана) — +12:44
- Симоне Веласко (Италия, Астана) — +22:29
- Хенок Мулюбырхан (Эритрея, Астана) — +23:50
- Давиде Баллерине (Италия, Астана) — +33:11
- Вадим Пронский (Қазақстан, «Астана») — +39:04
- Макс Кантер (Германия, Астана) — +47:37.
Айта кетейік, 4-мамыр басталған Гранд-тур 26-мамырға дейін жалғасады. Көпкүндікке әлемнің ең мықты деген 22 командасы қатысуда және жалпы жүлде қоры 1 606 160 еуроны құрайды