Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Геннадий Головкин Азия Олимпиадалық Кеңесінің Бас Ассамблеясында бірқатар маңызды кездесулер өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығы 10-11 мамыр күндері Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) Бас Ассамблеясына қатысуда. Бұл туралы Olympic.kz. мәлімдеді.

Аталған жиын Азия аймағындағы спорт пен олимпиадалық қозғалыстың дамуы тарихында маңызды оқиға саналады, себебі, Ассамблеяның күн  тәртібі түрлі ұйым комитеттерінің есебін тыңдаудан ғана тұрмайды. Отырыс барысында Халықаралық Олимпиада комитетітінің (ХОК) Олимпиадалық хартиясына негізделген АОК жаңа Конституциясы қабылданады.

Ресми іс-шара қарсаңында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин АОК Атқарушы комитетінің мүшелерімен екіжақты кездесулер өткізді. Оның ішінде, ҰОК басшысы АОК президентінің міндетін атқарушы Раджа Рандхир Сингхпен де жүздесті.

Сингх мырза Геннадий Головкинді жауапты қызметке сайлануымен құттықтады. Ол спорттық ұйымдардың басшылығына спортшыларды тарту үдерісін қолдайтынын, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК алдағы уақытта АОК-ке арқа сүйей алатынын жеткізді.

Сондай-ақ, тағы бір кездесу Өзбекстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығымен ұйымдастырылды. Геннадий Головкин мен Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева АОК вице-президенті Отабек Омаров және Өзбекстан ҰОК бас хатшысы Ойбек Қасымовпен өзара жиын өткізді.

Геннадий Головкин өз кезегінде Өзбекстан ҰОК басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айта отырып, өзбек атлеттерінің жетістіктерін атап өтті.  Сондай-ақ, футболдан Өзбекстан ерлер командасын 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алуымен құттықтады. Тараптар екі елдің спорт саласындағы ынтымақтастығы жасанды бәсекелестік негізге емес, өзара қолдауға құрылуы керек деген келісімге келді. Ортақ күшті спортты бірлесіп дамыту мен жоғарғы нәтижелерді бағындыруға бағыттау қажет.

Қазақстан ҰОК басшылығының екіжақты кездесулері АОК Бас Ассамблеясының отырысы өтетін 11 мамырда да жалғасуда.

Айта кетелік, Азия Олимпиадалық Кеңесі – Халықаралық Олимпиада комитетімен мойындалған Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің бес қауымдастығының бірі, қазіргі таңда 45 мемлекетті біріктіріп отырған Азия елдеріндегі Олимпиадалық қозғалысты басқарушы орган. Ұйым 1982 жылдың 16 қарашасында құрылған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz