Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Қазақ боксының болашақ шоқжұлдызы

Азия бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық Төрехан Сабырханның Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткенін ерекше атап өтті. Ол 67 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде алды.

«Қазақстан тарихындағы тұңғыш жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азияның төрт дүркін чемпионы Төрехан Сабырхан Астанада өткен бокстан Азия чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпиондық атағын қорғап, турнирдің үздік боксшысы деп танылды.

Төрехан Сабырхан Астанада тарихи қадамдар жасаған, 2006 жылы туылған жас боксшылар тобындағы болашағынан зор үміт күттіретін былғары қолғап шеберлерінің бірі. 18 жастағы талант 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алған әлем чемпионы Махмұд Сабырханның інісі.

Төрехан Сабырхан 2021 жылғы Азия чемпионатында алғашқы алтын медаль  жеңіп алды. Содан кейін ол 2022 және 2023 жылдары құрлықтық турнирлерде сәтті өнер көрсетті.

Төрехан Сабырхан Қазақстан астанасында өткен Азия чемпионатында өз командасының басты жұлдызы болды. Оның алдында бір ғана міндет тұрды – тағы бір алтын алу және финалда өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоиловты жеңу болды. Ол тапсырманы сәтті орындады. Нәтижесінде тарихта алғаш рет жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азияның төрт дүркін чемпионы атанды», — деп жазды ASBC баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан Азия чемпионатында 25 алтын медаль иеленіп, командалық есепте көш бастады. Ал Үндістан (12) екінші, Өзбекстан үшінші (11) орынға ие болды

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz