Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Алексей Луценко сырқатына байланысты «Джиро д’Италия» жарысын мерзімінен бұрын аяқтады

Astana Qazaqstan Team командасының көшбасшысы Алексей Луценко сырқатына байланысты «Джиро д’Италияның» тоғызыншы кезеңінде жарыс жолына шықпады.

Қазақстан чемпионының бірнеше күн бойы сырқаттан денсаулығы нашарлаған. Соған байланысты Италияда өтіп жатқан Гранд-турды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.

«Өкінішке қарай, Алексей синусит пен фаринготрахеитке байланысты «Джиро д’Италиядағы» өнерін жалғастыра алмайды. Шешім бүгін таңертең оның қазіргі жағдайын соңғы тексеруден кейін қабылданды», — деді команда дәрігері Эмилио Магни.

Айта кетейік, елордалық велокоманданың қалған шабандоздары «Джиро д’Италия» веложарысының тоғызыншы кезеңінде жарыс жолына шықты. Кезеңнің ұзақтығы 214 шақырымды құрады. «Visma» командасынан голландиялық Олав Коей мәре сызығын бірінші болып кесті. «Lidl-Trek» өкілі италиялық Джонатан Милан екінші нәтиже көрсетті. «UAE Team Emirates» командасынан колумбиялық Себастьян Молано үздік үштікті толықтырды.

«Астана» командасының екі велошабандозы кезеңді сәтті аяқтап, үздік ондыққа енді: Давиде Баллерине тоғызыншы, Макс Кантер оныншы нәтиже көрсетті. Симоне Веласко – 13, Хенок Мулюбырхан – 39, Лоренцо Фортунато (Италия, Астана) – 54, Вадим Пронский – 66, Кристиан Скарони – 74-ші болып мәреге келді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz