Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Шымкентте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу басталды

13-25 мамыр аралығында Шымкентте Азия/Океания аймағы бойынша финалдық  Juniors Davis Cup және Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирлері өтеді. Жарысқа Азия/Океания аймағынан 16 жасқа дейінгі ең мықты жасөспірімдер қатысады.

Қыздар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына бірінші болып жолдама алады. Қазақстан, Аустралия, Қытай Тайпейі, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан және Вьетнам құрамалары жолдаманы сарапқа салады.

Шымкенттегі Belline Arena ұлттық теннис орталығында жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстандық қыздар «А» тобында Жапония, Индонезия және Вьетнам құрамаларымен өнер көрсетеді. Бүгін, 13 мамырда Ярослава Шведова шәкірттері Вьетнам құрамасымен алғашқы кездесуін өткізеді.

Қазақстан намысын қорғайтындар:

  1. Ариана Гогулина (Астана)
  2. Альбина Кәкенова (Астана)
  3. Ева Корышева (Ақтөбе)
  4. Сатима Төреген (Алматы).

Капитан: Ярослава Шведова

Өткен жылы Дэвис Кубогында және Билли Джин Кинг кубогында қазақстандық жасөспірімдер сәтті іріктеуден өтіп, еліміздің теннис тарихында алғаш рет 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті.

Әр турнирдің іріктеу кезеңінде төрт топқа бөлінген 16 команда өнер көрсетеді. Әр топтан екі үздік команда плей-офф кезеңіне өтеді. Олар командалық әлем чемпионатының жолдамаларын сарапқа салады. Биылғы жылы Азия/Океания елдерінен келген ұлдар мен қыздар арасында төрт жолдама сарапқа салынады. Яғни жартылай финалға шыққандар әлем чемпионатына автоматты түрде жолдама алады.

Айта кетейік,Billie Jean King Cup Juniors/Davis Cup Juniors — 16 және одан кіші жас тобындағы жасөспірімдер арасында теннистен Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізетін басты командалық турнир.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz