Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Жойқын қақтығыс. Нұралы Әліп ЦСКА қақпашысын жарақаттады

РПЛ аясындағы Ресей кубогы финалының қарымта матчында ЦСКА қақпашысы Владислав Тороптың «Зенит» футболшысы Нұралы Әліппен соқтығысуы салдарынан беті жарақаттанды.

Кездесу Санкт-Петербургте өтті. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Жарты сағаттық ойыннан кейін әуелете асырылған допқа Әліп Тороппен таласып, қақпашының мұрнына қазақстандық футболшының желкесі тиді. Нәтижесінде ЦСКА қақпашысының мұрны сынып, қан кетті.

Соның салдарынан Тороп матчты жалғастыра алмай, оны алаңнан электромобильмен алып кетті. Оның орнына 19 жастағы қақпашы Владимир Шайхутдинов ЦСКА сапында дебют жасады. Оқиға кездесудің 36-минутында орын алды. Ал Нұралы Әліп ойынды одан әрі жалғастырды.

ЦСКА – «Зенит» кездесуінің жеңімпазы финалда Калининградтың «Балтикасымен» сынға түседі. Әліптің бұл кубокта 10 матчқа қатысқанын да айта кетейік.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz