Қазақстан жеңіл атлетикадан 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. Оның иесі Нора Джеруто. 1 жылдан астам уақыттан кейін үлкен спортқа оралған Нора АҚШ-та өткен Лос-Анджелестегі USATF Гран-при турнирінде 9:22,45 нәтижемен үшінші орынға көтерілді. Канадалық Сейли Макейб жарыстың жеңімпазы атанса, АҚШ-тан келген Мэдисон Бореман мәреге екінші болып келді.
3 000 метрге кедергімен жүгіру
1.Сейли Маккейб (Канаданың рекордын жаңартты) — 9:20.58
2.Мэдисон Бореман — 9:21.98
- Нора Джеруто — 9:22.45
Айта кетейік, Джеруто 2022 жылы өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсету құқығына ие болды. Мұндай ауысулар кениялық спортшылар үшін елдегі жоғары бәсекелестікке және халықаралық жарыстарда өкілдік ету шектеулеріне байланысты қалыпты жағдайға айналды.
2022 жылы Американың Юджин қаласында өткен әлем чемпионатында Нора Эфиопияның екі спортшысын басып озып, 3000 метрлік кедергіден жүгіру жарысында жеңіске жетті. Джеруто жарыс жолын 8:53,02-де бағындырып, рекорд орнатқан болатын.