Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Шымкенттегі Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Азия/Океания аймағының жасөспірімдері арасында Дэвис кубогына  іріктеу кезеңінің жартылай финалистері анықталды.

Ширек финалда Сергей Квактың командасы әлемнің ең мықты командаларының бірі, жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының алты дүркін чемпионы — Аустралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасына бірінші ұпайды Дамир Жалғасбай әкелді. Ол Кэмерон Бертонды сенімді түрде жеңді – 6:3, 6:0.

Содан кейін  алаңға Заңғар Нұрланұлы шықты. Ол «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы Лейтон Хьюитттің ұлы Круз Хьюиттті 6:1, 6:0 есебімен жеңді.  Өткен жылы да біздің команда ширек финалда Аустралия құрамасын дәл осындай есеппен ұтқан болатын. Осылайша, күзде Қазақстан құрамасы екінші жыл қатарынан 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының финалдық кезеңінде бақ сынамақ.

Ал бүгін, 24 мамыр қазақстандық теннисшілер Гонконг құрамасымен кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz