Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Ллейтон Хьюитт: «Қазақстан құрамасы — Азиядағы ең мықты командалардың бірі»

Шымкентте Asia/Oceania Final Qualifying Juniors Davis Cup және Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирлері аяқталды. Аталмыш жарыстарға Азия/Океания аймағынан 16 жасқа дейінгі ең мықты жасөспірімдер қатысты. Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы Ллейтон Хьюитттің ұлы Круз Хьюитт Аустралия құрамасы сапында жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогында өнер көрсетті. Крузды жаттықтыратын Лейтонның өзі. Ол ұлымен бірге Шымкентке келген. Аты аңызға айналған аустралиялық Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне эксклюзивті сұхбат берді.

— Ллейтон, Қазақстанға қош келдіңіз. Шымкент еліміздің ең қонақжай қалаларының бірі болып саналады. Сіз мұны сезіндіңіз бе?

— Мен Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын және жергілікті қонақжайлылыққа таң қалдым. Көптеген топырақ төсенішті корттары бар тамаша теннис орталығы. Мұнда халықаралық турнирлер өтеді деп естідім. Мен Аустралия құрамасынан өткен жылы Шымкентте өткен Asia/Oceania Final Qualifying Juniors Davis Cup и Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирін ұйымдастыру туралы жақсы пікірлерін естідім.

⁠- 2015 жылы Аустралия Қазақстанмен Дэвис кубогының 1/4 финалында ойнады. Содан кейін сіздің командаңыз камбэк жасап, жеңісті жұлып әкетті. Сол матч есіңізде ме? Аустралия ойынның бағытын қалай өзгерте алды?

— Ол ойын жақсы есімде (жымиды). Біз Дарвинде ойнадық және әдейі шөп төсенішті кортты таңдадық. Қазақстандықтардың топырақ төсенішті және қатты кортта жақсы ойнайтынын білдік. Біздің команда 0:2 есебімен жеңіліп жатқанымен, үлкен ынтаның арқасында жеңіске жетті. Оның үстіне біз өз алаңымызда ойнадық. Сондықтан қалай да жеңіске жету керек еді.

– Қазақстандағы тенниске қандай баға бересіз?

— Теннис бір орында тұрмайды. Уақыт өте келе ойнау техникасы, қарқыны мен тактикасы өзгереді және ойыншыларды жабдықтау үшін жетілдірілген материалдар жасалады. Қазақстандық теннистің келешегі туралы айтатын болсақ, нәтиже корттан көрініп тұр. Елена Рыбакина Уимблдонды жеңіп алды. Ерлер арасында Александр Бублик ойынымен тәнті етеді. Ең бастысы – жасөспірімдер теннисін дамытуға баса мән беру. Өйткені бұл ойынның болашағы, кейінгі буын жұлдыздарының қалыптасуы.

– Сіз қазір Дэвис кубогында Аустралия құрамасының капитанысыз. Команданың алдағы мақсаттары қандай?

— Күзде Валенсияда Дэвис кубогының соңғы топтық кезеңін өткіземіз. Біздің команда 2022 және 2023 жылдары қатарынан екі рет финалға шықты. Бірақ, өкінішке қарай, жеңіліп қалды. Биыл жеңіске жеткіміз келеді және бар күшімізді саламыз. Команданың жетістігіне өз үлесімді қосқым келеді.

— Сұхбатыңызға рахмет!

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz